👈 қаріп өлшемі 👉

Пунт жеріне перғауын Хатшепсут кемелерін не үшін жіберді? (Дүниежүзі тарихы, 5 сынып, І тоқсан)

 Пунт жеріне перғауын Хатшепсут кемелерін не үшін жіберді?  (Дүниежүзі тарихы, 5 сынып, І тоқсан)

Пән: Дүниежүзі тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлім: Ежелгі Мысыр тарихы
Сабақтың тақырыбы: Пунт жеріне перғауын Хатшепсут кемелерін не үшін жіберді?
Сабақтың мақсаттары: 5.4.1.3 ежелгі өркениеттердің шаруашылық жүйесін сипаттау
5.1.2.1 ежелгі қоғамның әлеуметтік ұйымдасуын сипаттау.
Қызығушылықты ояту кезеңі.
Бастапқы стимул.
(Б) Уақыт сызығының бір ұшына «б.з.д. 3000 жыл», екінші жағына «Бүгін» деп белгілеңіз. Мысыр картасынан Гиза қаласындағы Хеопс пирамидасының орналасқан жерін көрсетіңіз. Хеопс пирамидасының суретін біздің заманымызға дейінгі 3000 жыл белгіленген тұсқа орналастырып, Мысырдың әлемдегі ең ежелгі өркениет болып табылатынын айтыңыз.
Мағынаны тану кезеңі.
Осыған дейін 1В бөлімінде қарастырылған Асуан су бөгетінің фотосуретін көрсетіңіз.
(Б) Оқушылардың болжамдарын тыңдаңыз, бұдан кейін фотосуретті уақыт сызығында «Бүгін» белгісіне жақын, 1960-1970 жж. аралығына орналастырыңыз. Бұдан бұрын пайдаланылған Мысыр картасынан Асуан су бөгетінің орналасқан тұсын көрсетіңіз. Содан соң картаға Дейр әл Бахари ғибадатханасын орналастырып (белгішемен, стикермен), ғимараттыңфотосуреті мен ғибадатханаға кірер есіктің панорамалық фотосуретін көрсетіңіз.
Ғибадатхана фотосуретінің көшірмесін уақыт сызығында шамамен біздің заманымызға дейінгі XV ғасыр датасының жанына қойыңыз.
(Т)(Б) Бұл ғибадатхананың Мысыр перғауыны Хатшепсут арнап салынғанын түсіндіріңіз.
(Т) Хатшепсуттың мүсінін көрсетіңіз. Мүсіннен қандай ерекше нәрсені байқағандарын жұптардан сұраңыз. Мысалы жасанды сақал (мысыр билеушілерінің дәстүрлі белгісі), мүсіннің тым үлкендігі (құдірет алдында қорқыныш үрей тудыру мақсатында) Хатшепсуттың заңды түрде өзін перғауын деп жариялаған (басқа әйел билеушілер перғауынға тұрмысқа шыққан жағдайда осындай лауазым алады) Мысырдың аз ғана әйел-билеушілерінің бірі болғанын айтыңыз.
(Т) Оқушыларға ресурстар тізімінен карточкалар мен Мысырдың әлеуметтік құрылымының сызбасын таратып, оларды сызба бойынша жүйелеуді ұсыныңыз.
(Б) Сызбаны қолданып келесі сұрақтарды талқылаңыздар: әлеуметтік топтар меншікке қатысты қандай құқықтарға ие болды?
Оқушыларды бағалау. (Қолдану дағдысы)
(Ж) Оқушыларға Пунт залының ішкі рельефінің бір бөлігін көрсетіңіз. Суреттердің көшірмелерін оқушыларға таратып, оқушылардан бедерлі қабырғадан қандай детальдарды анықтап, олардың ойынша онда не болғанын сұраңыз. Топтардың болжамдарын тыңдап, оларды салыстыру үшін жазып алыңыздар.
ІІ Оқушыларға мұғалімдерге арналған бөлімдегі бедерлі суреттегі жазбаларды таратып, оқуға тапсырма беріңіз, жазуды оқығаннан кейін пікірлері өзгерді ме, сұраңыз.......

Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз! Тіркелу
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:


Қарап көріңіз 👇



Жаңалықтар:
» NIS-тің мың домбырашысы Гиннесс рекордтар кітабын бағындырды 26.05.2022
» Президенттің баспасөз қызметі Тоқаевтың 30 жыл бұрынғы суреттерін көрсетті (фото) 22.05.2022
» Қазақстандағы жеңілдетілген автокөлік несиелері: Автосалондар қосымша қызмет алуға мәжбүрлейді 20.05.2022

Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы