Қазақстан территориясындағы ерте ортағасырлық мемлекеттер 3-сабақ (Қазақстан тарихы, 6 сынып, І тоқсан)

 Қазақстан территориясындағы ерте ортағасырлық мемлекеттер 3-сабақ (Қазақстан тарихы, 6 сынып, І тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6.1AVI – IX ғғ. Қазақстан
Сабақ тақырыбы: Қазақстан территориясындағы ерте ортағасырлық мемлекеттер 3-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 6.3.2.2 – ерте түрік қағанаттарының сыртқы саясатының негізгі бағыттарын анықтау;
6.2.1.3 – тарихи оқиғалар мен процестердің сабақтастығын сипаттау үшін «Ұлы Дала» ұғымын қолдану.
Сабақ мақсаты: Оқушылар VI-IX ғасырлардағы мемлекеттердің сыртқы саясатын талдап, елдің дамуындағы қағандардың рөліне баға береді.
Б Ой қозғау
- Ерте орта ғасырлардағы мемлекеттердің дамуында ерекше рөл атқарған қай қағандардың есімдерін атар едіңіз?
Сабақтың оқу мақсаты мен бағалау критерийлерін таныстыру.
Зерттеу және талдау
Т/Ж 1-тапсырма. Дерекпен жұмыс.
Берілген деректі талдай отырып, мемлекеттің дамуындағы қағанның рөліне баға бер және Шығыс Түрік қағанатының сыртқы саясаты жөнінде ойыңмен бөліс.
Тапсырманы орындауда қолданатын сөздер: «Ұлы дала», түрік қағандары, Еуразия кеңістігі, көшпенділер, әскери қолбасшы, сыртқы саясат, бірлік.
Топтардың бірін-бірі бағалауы
Бағалау критерийі: Түрік қағанаттарының сыртқы саясатын талдайды
Дескрипторлар:
Сұрақтарға жауап беруде ұсынылған сөздерді түгел қолданады;
Қағанның мемлекетті дамытудағы рөлін анықтайды;
Шығыс Түрік қағанаты жорық жасаған көрші елдерді атайды;
Қағанның сыртқы саясатының мақсатын анықтайды;
Қағанның сыртқы саясатының нәтижесін сипаттайды.
Т 2-тапсырма.
Әр топқа бір қағаннан бөліп беріңіз.
1 топ – Бумын қаған (Түрік қағанаты)
2 топ – Шегу қаған (Батыс Түрік қағанаты)
3 топ – Сұлу қаған (Түргеш қағанаты)
4 топ – Білге қаған (Шығыс Түрік қағанаты)
Топтарға әр қағанға қатысты деректерді ұсыныңыз.
Топ ішінде Түркі қағанаттарында ел билеген әрбір тарихи тұлғаға қатысты ең маңызды үш датаны/оқиғаны анықтайды. Тапсырманы орындау барысында оқушылардың назарын төменде көрсетілген критерийлерге аудартыңыз.......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 510



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!