Өз идеяларын жинақтап өлең шығару үшін қабылдау сезімдерін жинақтау Қабылдау сезімдерімізді ой жинақтау үшін қолдану (2 сынып, I тоқсан)

 Өз идеяларын жинақтап өлең шығару үшін қабылдау сезімдерін жинақтау Қабылдау сезімдерімізді ой жинақтау үшін қолдану (2 сынып, I тоқсан)

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Өзім туралы
Сабақ тақырыбы: Өз идеяларын жинақтап өлең шығару үшін қабылдау сезімдерін жинақтау.
Қабылдау сезімдерімізді ой жинақтау үшін қолдану.
Осы сабақта қолжеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтемеу) Т/А 5
Әлеуметтік және іскерлік ортадағы тілдік нормаларды қолдану
Орынды сөздік қорды қолданып, өз идеялары мен сезімдерін бейтаныс жағдаяттарда түсіндіреді.
Мәтіннің түрлерін ажырату және өз ойынан мәтін құрап жазу
Қарапайым мәтіндер, өлеңдер, ақпараттарды жазады.
Сабақ мақсаттары: Оқушылар сөздік қорларын қолдана отырып, қарапайым мәтіндер, өлеңдер құрастырады.
Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологилық ахуал.
Бір, екі ,үш
Сынып іші тып-тыныш
Жалқаулықты тастаймыз
Сабақты біз бастаймыз.
Оқушылар шеңберде тұрып, бірі –біріне тілек тілейді.
Оқушылар шеңбер бойынша тұрып,сиқырлы қорап ішіндегі суретті алады. Оқушылар алған суреттер бойынша бес топқа бөлінеді.
Сұрақтар:
-Суреттерде нелер бейнеленген?
-Оларды көргенде қандай ой туды?
Жауап:
-Бұл суреттерді көргенде сабақтағы ережелер ойға түседі.
1- ереже Бір-бірімізді тыңдаймыз.
2.-ереже Басқаның пікірін сыйлаймыз.
3-ереже Тақырып көлемінде сөйлейміз.
4- ереже Бір-бімізге көмектесу
Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын хабарлау
Ой қозғау.
(Ж) Үнтаспадан түрлі дыбыстарды тыңдау:
сиырдың мөңірегені, қойдың маңырағаны,
бұлақтың сарқырамасы.
Сұрақ:
- Осы дыбыстарды қалай, ненің көмегімен анықтаймыз?
-Қандай сезім мүшелері арқылы анықтадық?
- Күнделікте тағы қандай дыбыстарды естисіңдер, сол туралы әңгімелеңдер? Тағы қандай сезім мүшелерін білесіңдер?
Оқушылардың жауаптарын тыңдау. Топтық жұмыс.
1-топ. «Қайсысы қалай дыбыcтайды? » ойыны Бүркіт, қарға, арыстан, әтеш, бақа суреттерін тарату арқылы олардың дыбыстарын айтқызу
2-топ Әртүрлі иісті заттарды тарату. Иісті қалай сезесіңдер? Иіс сезу мүшесі –мұрын арқылы Егер мұрныңды жауып қойып, затты ұстап көрсе, оның қандай қасиеттерін анықтайсыңдар?
3-топ Оқушылар көздерін жұмып отырады, олардың қолдарына түрлі заттарды береді. Заттың қасиеттерін анықтау.
Қолдарыңа берілген заттың несін анықтай алмадыңдар? (түсін) Неге?
- Көз арқылы тағы нені көреміз? Оқушылардың жауаптарын тыңдау.
4-топ Оқушылардың қолына әртүрлі пішіндегі және әртүрлі заттарды тарату.
Ненің көмегімен анықтадық? Сипап сезу арқылы-тері арқылы
5 -топ Алма, лимон туралып бір тілімнен әр оқушыға таратылады.(тәтті, қышқыл екенін айтады) Алма мен лимонның дәмін не арқылы білдік? Дәм сезу мүшесі-тіл арқылы.
Сергіту сәті:
Қане, түзу тұрайық,Тік ұстап бойыңды.
Кесіндіні құрайық. Жоғары соз қолыңды.
Сәуле болып созылып, Соз қолыңды тағы да,
Нүкте болып қалайық. Жеткіз айға-ғаламға!
Мұғалім:
Біз көреміз, естиміз, әр түрлі иістерді, дәмді, ыстық пен суықты сезе аламыз. Осы бір ғажайып қабілеттер бізге 5 сезім мүшесі арқылы беріледі.
— Олай болса, сезім мүшелерінің қызметімен танысайық.
Тақтамен жұмыс: Сезім мүшелерінің суретіне байланысты сәйкестендіру.
Қол .............иіскеу Құлақ-.............сипау
Мұрын-......... есту Көз .................ұстау
Тері-................көру
Дәптермен жұмыс. Өлең құрастыру.
Біз .......баламыз,
Айтқан ..... аламыз.
Үлкендерге ......беріп,
Біз ........ боламыз
Керекті сөздер: бақытты, тілді, жол, әдепті.......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 657



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі