14-сабақ Нәтиже сабақ Мен не үйрендім? (3 сынып, III тоқсан, 6 бөлім)

 14-сабақ Нәтиже сабақ Мен не үйрендім? (3 сынып, III тоқсан, 6 бөлім)

Пән: Қазақ тілі Т2
Ұзақмерзімді жоспар бөлімі: Атақты тұлғалар
Сабақ тақырыбы: 14-сабақ Нәтиже сабақ Мен не үйрендім?
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары:
1.1 Тыңдаған материалдың мазмұнын түсіну
3.1.1.1* анық айтылған сөзді тыңдап, түсінгені бойынша қарапайым нұсқауларды орындау.
3.1 Оқу түрлерін қолдану
3.3.1.1* мәтінді немесе оның бөлімдерін мәнерлеп оқу, шолып (танысу мақсатында) оқу/рөлге бөліп оқу.
4.5 Орфографиялық дағдыларды дамыту
3.4.5.1 жаңа сөздерді орфографиялық сөздіктерге сүйеніп дұрыс жазу.
Сабақ мақсаттары:
1. Тыңдаған материалдың мазмұнын түсіну, соған сәйкес әрекет жасау.
2. Мәтінді мәнерлеп оқып, берілген тапсырмаларды орындау.
3. Сөздерді дұрыс жазу.
Оқушылардың барлығы: тыңдаған мәтіннің мазмұнын түсінеді, берілген тапсырмаға сәйкес әрекет жасайды, жалғауларды дұрыс қолданады.
Оқушылардың көпшілігі: тақырып бойынша түрлі тапсырмалар орындайды, тірек сөздер негізінде сөйлейді, жалғауларды дұрыс қолданады.
Оқушылардың кейбірі: тақырып бойынша өз ойларыммен бөліседі, басқа оқушылардың ойларын толықтырады.
Сабақ барысы: Үй тапсырмасын тексеру. «Ашық микрофон» әдісі арқылы оқушылар кезекпен-кезек қолына микрофон ұстап, дайындап келген әңгімелерін айтады.
Ой қозғау. Сұрақтар қойып, оқушыларды коммуникативтік қатынасқа тарту. Мұғалім оқушылардан: «Өткен сабақтарда қандай атақты тұлғалармен таныстық? Олар несімен танымал? Танымал болу үшін не істеу керек?», – деп сұрайды.
Сабақтың мақсатымен таныстыру
1. Тыңдаған материалдың мазмұнын түсіну, соған сәйкес әрекет жасау.
2. Мәтінді мәнерлеп оқып, берілген тапсырмаларды орындау.
3. Сөздерді дұрыс жазу.
(Ө) Тыңдалым. Оқушылар мәтінді мұқият тыңдайды. Жасырылған тұлғаны анықтап, жауабын картаға жазып көтереді/суретін көрсетеді.
Дескриптор:
- сипаттама бойынша жасырылған тұлғаны анықтайды.
Тапсырманы орындап болған соң, оқушылар өз-өздерін бағалайды (сабақ алдында оқушыларға смайликтер суреті таратылады).
 Мен тапсырманы
өте жақсы орындадым.
(5 балл)
 Мен тапсырманы
жақсы орындадым.
 (4 балл)
 Мен тапсырманы
орташа орындадым.
(3 балл)
 Мен тапсырманы
орындай алмадым.
(2 балл)
(Ө) Жазылым. Оқушылар сөздік диктант жазады. Сөздікті пайдаланып тексереді. Кез келген 2 сөзбен сөйлем құрап жазады.
Дескриптор:
- сөздерді есту арқылы қатесіз жазады;
- сөздікпен тексеру арқылы қатесін түзетеді;
- сөйлем құрауда сөздердің орын тәртібін сақтайды;
- сөздерді лексика-грамматикалық нормаға сай жазады.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 082



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?