Ақ лақ №4 сабақ (3 сынып, I тоқсан, 1 бөлім)

Ақ лақ  №4 сабақ (3 сынып, I тоқсан, 1 бөлім)

Пән: Қазақ тілі Т2
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жанды табиғат
Сабақ тақырыбы: Ақ лақ №4 сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 3.1 Оқу түрлерін қолдану
3.3.1.1 мәтінді немесе оның бөлімдерін мәнерлеп оқу, шолып (танысу мақсатында) оқу/ рөлге бөліп оқу
3.4 Сұрақтар мен жауаптар құрастыру
3.3.4.1 мәтін мазмұны мен кейіпкерлерінің іс-әрекетін нақтылау үшін сұрақтар (қандай? қай? қашан? қайда?) құрастыру және оған жауап беру
Сабақ мақсаттары:
• Оқыған мәтіннің мазмұнын түсіну
• Мәтін бойынша сұрақтар құрастыру
Оқушылардың барлығы: оқыған мәтіннің мазмұнын түсінеді, қолдау арқылы сұрақтар құрастырады
Оқушылардың көпшілігі: оқыған мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді, мәтін кейіпкерінің әрекетіне қатысты сұрақтар құрастырады, мәтіннің тақырыбын анықтайды.
Оқушылардың кейбірі: мәтіндегі негізгі ойды түсінеді, үлгі бойынша өз өлеңін құрастырады.
Сабақ барысы: Үй тапсырмасын сұрау
Оқушыларды сабақтың тақырыбымен, мақсатттарымен таныстыру.
• Оқыған мәтіннің мазмұнын түсінемін.
• Мәтін мазмұны бойынша сұрақтар құрастырамын.
(МК, Ұ) Жаңа сөзбен жұмыс.
«лақ, төл, секір» сөздерін суреттер арқылы меңгерту
Сөз тіркестерін, сөйлемдер құру
Лақ секіреді. Лақ –ешкінің төлі.
(Ө) Ақ лақ туралы ән
Сөзін жазған: Сырбай Мәуленов
Музыкасын жазған:. Зауре Нәби
«Бірлесіп оқу» әдісі (мұғалім жетекші рөл атқарады)
Ән мәтініндегі таныс емес сөздерді қимыл арқылы, синоним сөздер арқылы ,ым-ишара арқылы меңгерту.
Өлеңге тән ерекшеліктерді түсіндіру:
 Автордың айтайын деген ойы болады.
 Өлеңнің тақырыбы болады.
 Өлеңде шумақтар, өлең жолдары болады.
 Өлеңде ұйқас болады.
1.Ерте келген бұлаққа,
Еркелеген құраққа
Қызық көріп қараймын
Селтеңдеген лаққа.
Қайырмасы:
Құлақтары қалқиып,
Танаулары таңқиып,
Кейде бейғам тұрады
Аузын ашып аңқиып.
2.Жар басында жүреді,
Тау басына шығады.
Шапқылайды үнемі.
Ақ ешкінің лағы.
Сұрақтар қою:
• Өлең не туралы?
• Өлеңде неше шумақ бар?
• Автор не айтқысы келді?
реті Сөйлемдер дұрыс бұрыс айтылмаған
1 Лақ бұлаққа барады. +
2 Лақ селтеңдеп секіреді. +
3 Лақ тау басына шықпайды. +
4 Лақтың түсі ақ. +
5 Лақ – қойдың төлі. +
6 Лақтың денесінде қара жолақ бар. +
7 Лақ шапқылайды. +
8 Лаққа қызығып қараймын. +
9 Лақ тауға күніне 2 рет барады. +
Тапсырманы орындап болған соң, тақтадағы дұрыс жауаппен салыстырып тексереді. Өз жұмыстарын бағалайды.
 Мен өте жақсы түсіндім (9 балл).
 Мен жақсы түсіндім (7-8 балл).
 Мен жартылай түсіндім(5-6 балл).
 Мен дұрыс түсінбедім (3-4 балл)
 Мен мүлдем түсінбедім (0-2 балл).
Өлеңді әуенімен тыңдау, бірлесіп айту(дыбыстық-бейнелік материал).
(Т) Өлеңнің мазмұны бойынша сұрақтар құрастырады, дәптерлеріне жазады.
Дескриптор:
• Мәтін бойынша 3 сұрақ құрастырады.
• Сөйлем құрылымын сақтайды.
Ықтимал жауаптар:
Лақ қайда барады?
Лақ бұлаққа қашан барады?
Құлақтары қандай?
Лақ қайда жүреді?
Лақ қайда шығады?
Лақ не істейді?
Лақ қай малдың төлі? ....



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 234



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
» 85 жастағы қызылордалық ақсақал 2 млн түп ағаш еккен
» 👦🏻👧🏻Елімізде қанша бала бар?