«Көшеде қаңғыбас итті кездестіру» 4 сынып


Сынып сағаты

№ 4

Сынып жетекші:

Күні:

22.09.2025

Сынып: 4

Қатысқаны: Қатыспағаны:

Сабақтың тақырыбы:

«Еңбек түбі береке»

Қауіпсіздік сабағы (10 минут)

№ 4-сабақ

«Көшеде қаңғыбас итті кездестіру»

Сынып сағатының мақсаты:

•Оқушыларға еңбектің адам өміріндегі маңызы туралы түсінік беру;

•Еңбекқорлыққа, еңбекті құрметтеуге, адал еңбектің нәтижесін бағалауға тәрбиелеу;

•Еңбек ету арқылы табысқа жетуге болатынын түсіндіру.

Қауіпсіздік сабағының мақсаты:

• Оқушыларға қаңғыбас иттердің қауіптілігі туралы түсінік беру.

• Иттермен кездескенде өзін қалай ұстау керектігін үйрету.

• Жануарларға мейірімді болуға, бірақ сақтық шараларын ұстануға дағдыландыру.

Қауіпсіздік сабағының міндеті:

Балаларды қаңғыбас иттің қауіпті екенін түсінуге үйрету.Ит кездескен жағдайда өзін-өзі қалай ұстау керегін көрсету. Қауіп төнгенде дұрыс әрекет ету дағдыларын қалыптастыру. Өз денсаулығы мен өмірін қорғауға жауапкершілікке тәрбиелеу.

Құндылықтарды дарыту:

ТӘУЕЛСІЗДІК ЖӘНЕ ОТАНШЫЛДЫҚ:Қазақстанның тарихын,мәдениеті мен дәстүрлерін, оның тәуелсіздігін және оны сақтаудың маңыздылығын түсіну;

Апта дәйексөзі:

«Еңбек – адамның айнасы, тірліктің алтын негізі.»

Сынып сағатының барысы:

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Ресурстар

Сынып сағатының басы:

10 мин

ҚР Мемлекеттік Әнұраны орындалады

1.Ұйымдастыру кезеңі: (3мин)

Сәлемдесу, сыныпты топқа бөлу («Еңбек», «Береке», «Тірлік» сөздері арқылы).

Психологиялық ахуал: «Жылы лебіз» ойыны – әр оқушы еңбек туралы жақсы тілек айтады.

ІІ. Кіріспе бөлім: (7мин)

Мұғалім кіріспе сөз айтады:

«Адамды адам еткен – еңбек. Адам өзінің еңбегімен, маңдай терімен өмір сүреді. Бүгін біз еңбектің қадірі мен жемісі туралы ой бөлісеміз».

«Еңбек түбі – береке» бейнеролик көрсету.

Оқушылар әнұран орындайды.

Оқушылар топқа бөлінеді

Жұдырық түйістіру арқылы бір-біріне еңбек туралы жақсы тілек айтады.

Бейнеролик көреді.

Көңілді әуен

Сынып сағатының ортасы

20

ІІІ. Негізгі бөлім (13мин)

1. Ой қозғау

Сұрақ: «Сендер еңбектің жемісін қайдан көрдіңдер?»

«Мақалды жалғастыр» ойыны:

Еңбек – _ (қорған).

Еңбексіз өмір – _ (сіз өмір).

Бақыт кілті – _ (еңбекте).

2. Топтық жұмыс

«Еңбектің адам өміріндегі маңызы» тақырыбында постер жасау.

Әр топ қорғайды.

3. Шығармашылық тапсырма

«Мен еңбекқормын, өйткені...» деген тақырыпта қысқаша әңгіме/эссе.

Қолөнер немесе сурет арқылы еңбекке байланысты өз ойларын жеткізу.

4. Әңгіме-дискуссия

«Еңбекпен келген табыс пен оңай жолмен келген табыстың айырмашылығы неде?» талқылау.

IV. Қорытынды (7 мин)

«Еңбек түбі – береке» тақырыбы бойынша түйін жасау.

«Еңбексіз – өмір жоқ» деген қорытындыға келу.

Рефлексия: «Еңбек маған не береді?» стикерге жазып тақтаға іледі.

Оқушылардың пікірлерін тыңдауу

Оқушылар тапсырмаларды орындайды

Әр топ өз жұмысын қорғайды.

Оқушылар сұраққа жауап береді

Ақ қағаз, фломастерлер

Тақырыптық слайдтар мен суреттер.

Презентация немесе бейнеролик

Постер жасауға арналған құралдар

Қауіпсіздік сабағы

10 мин

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру

«Қауіпсіздік – ең басты байлық» атты қысқа мотивациялық әңгіме.

Оқушылардан сұрау:

«Көшеде қаңғыбас иттерді кездестірдің бе?»

«Не істер едің?»

Тақырыпты таныстыру:

Мұғалім сабақтың тақырыбын жариялайды.

Қаңғыбас иттермен кездесу жағдайлары туралы қысқаша айтып өтеді.

Негізгі бөлім

1. Түсіндіру жұмысы:

Иттермен кездескенде есте сақтау қажет негізгі ережелер:

1. Қаңғыбас итті байқасаң, онымен байланысқа түспе.

2. Итке қарай жүгірме және қатты дауыстама.

3.Артыңды қарамай қашпау керек – ит қуып жетуі мүмкін.

4. Егер ит агрессивті болса, баяу артқа шегін.

5. Итке көз тікпе – бұл оны ашуландыруы мүмкін.

6. Қолыңа тас немесе сөмке алып, қорғаныс жасауға дайын бол.

7. Ит шабуыл жасаса, жерге құлап, басыңды қолыңмен қорға.

8. Төтенше жағдайда ересектерден немесе құтқару қызметінен көмек сұра.

Топтық жұмыс:

1-топ: «Қауіпсіздік ережелері» – Қаңғыбас иттерден қорғану тәсілдерін жазады.

2-топ: «Ситуациядан шығу жолы» – Ит шабуыл жасаса, қандай әрекет жасау керектігін сахналайды.

3-топ: «Қайырымдылық пен қауіпсіздік» – Иттерге көмектесудің қауіпсіз жолдарын талқылайды.

Ситуациялық ойындар:

«Көшеде итті кездестірсең...» – оқушылар әртүрлі жағдайларды талдап, қалай әрекет ету керектігін көрсетеді.

«Дұрыс-бұрыс» ойыны – мұғалім қауіпсіздік туралы бірнеше тұжырым оқиды, оқушылар оларды дұрыс немесе бұрыс деп анықтайды.

Қорытынды бөлім

1. Рефлексия:

«Мен бүгін үйрендім...» әдісі – оқушылар сабақтан алған әсерін айтады.

2. Қорытындылау:

Мұғалім сабақты қорытындылап, қаңғыбас иттермен кездескенде өзін қалай ұстау керектігін тағы бір рет еске салады.

Оқушылардың тыңдау.

Сұрақтарға жауап береді

Оқушылар олардың мағынасын анықтап, не үшін қажет екенін түсіндіреді.

Әр оқушы шешімдерін қорғап, түсіндіреді.

Оқушылар сұрақтарға жауап береді

Әр топ өз жұмысын постер түрінде дайындап, қорғайды.

Презентация

Түрлі ойыншықтар (қуыршақ, машина, жұмсақ ойыншықтар, конструктор т.б.)

Тақырыптық слайдтар.

Құпия сөз жасауға арналған нұсқаулық парақшалар

Тақырыптық бейнероликтер.

Сабақтың соңы

5 мин

Оқушылар біз бүгін сіздермен қоғамдасғы өте өзекті екі тақырыппен таныстық, ой бөлісіп, пікір алмастық. Бүгінгі сынып сағатынан алған білімдеріңіз өмірлік азық болады деп тілеймін .

Үйге: «Еңбек түбі – береке» тақырыбында сурет салу.

Барлығы бүгінгі сабақта алған әсерлерімен бөліседі.

 

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу