👈 қаріп өлшемі 👉

“Механика” тарауын қорытындылау


Сабақтың тақырыбы: “Механика” тарауын қорытындылау

Мақсаттары:

а) Тарау бойынша алған білімдерін нақтылау, жинақтау

Ә) Оқушыларды ұйымшылдыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу

В) Өз жетістігін бағалай білуге үйрету

Сабақтың түрі:

Жарыс-сабақ

Деңгейлік тапсырмалар беру

Табалдырық”

1. Механика неше бөлімнен тұрады?

2. Қозғалыстың түрлерін ата.

3. Кинематиканың негізгі ұғымдары

4. Ньютонның неше заңы бар?

5.Күштің түрлерін ата.

6. Сақталу заңдары туралы

Әудемжер” тапсырмалары

Исатай батыр Тайсойғаннан ерте шығып, түсте хан ордасына жетпекші болды. Оның астындағы Ақтабаны бұлттан төмен, қарағайдан жоғары шапты.” Тайсойған мен хан ордасының арақашықтығын шамамен 300 км, ал Исатай батыр жолда 10 сағ болды деп есептеңдер. Ақтабанның қандай жылдамдықпен шапқанын анықтаңдар.

Белгілі спортшы жерлесіміз Ә.Тұяқов 100 м қашықтықты 9 с-та жүгіріп өтеді. Оның жылдамдығын км/сағ түрінде көрсетіңдер.

Қозыкөштің” тапсырмалары

Кейбір балықтар жыртқыш балықтардан қашқан кезде 10 м биіктікке секіреді де, инерциямен 30 м-ге дейінгі қашықтыққа ұшады. Егер секіру ұзақтығы 2 с деп болжасақ, онда оның горизонталь бағыттағы қозғалысының жылдамдығы қандай?

Қансонарда бүркітші шығады аңға,

Тастан түлкі табылар аңдығанға.

Салаң етіп жолықса қайтқан ізі,

Сағадан сымпың қағып із шалғанда”

Алғашқы жауған қардағы ізді физика тұрғысынан түсіндір. Траекторияның ұзындығы қалай аталады?

Беласардың” тапсырмалары

Егіс басында ұйықтап қалған арыстанды басқа жерге апару үшін арбаға тышқандарды жегу ұйғарылды.

Үйкеліс коэффициенті к-0,1. Массасы 200 кг арыстанды алып жүру үшін қанша тышқан керек? Бір тышқанның тарту күшін 0,2 Н деп алыңдар.

Алтын көмбе”

Штангашы салмағы 1000 Н штанганы сілкіп көтереді. Штанганың көтеріле бастағандағы салмағы оның көтергенге дейінгі салмағынан артық па әлде кем бе?


Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз! Тіркелу
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:


Қарап көріңіз 👇



Жаңалықтар:
» NIS-тің мың домбырашысы Гиннесс рекордтар кітабын бағындырды 26.05.2022
» Президенттің баспасөз қызметі Тоқаевтың 30 жыл бұрынғы суреттерін көрсетті (фото) 22.05.2022
» Қазақстандағы жеңілдетілген автокөлік несиелері: Автосалондар қосымша қызмет алуға мәжбүрлейді 20.05.2022

Пікір жазу



Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы