Әкімшілік құқық жауапкершілік


Тақырыбы: Әкімшілік құқық жауапкершілік

Орындаған: Абдыкалик Т

Факультет: жалпы медецина

Топ: 10-11-1

Тексерген: Байтекова Қ

АЛМАТЫ 2014ж

Жоспар

Әкімшілік құқық бұзушылық жайлы түсінік

Әкімшілік әрекет

Әкімшілік құқық бұзушылықтың белгілері

Әкімшілік құқық бұзушылықтың құрамы

Кінәнің түрпішіндері

Әкімшілік жауаптылық

Әкімшілік жаза

Жеке адамның,әкімшілік кодекс бойынша әкімшілік жауаптылық қөзделген құқыққа қарсы,кінәлі іс әрекеті не әрекетсіздігі немесе заңды тұлғаның құқыққа қарсы іс әрекеті не әрекетсіздігі- әкімшілік құқық бұзушылық деп танылады.

Әкімшілік құқық бұзушылықтың объектісі мемлекеттік әкімшілік құқықтық нормалар реттейтін қатынастар саласы болып табылады. Әкімшілік құқық бұзушы әкімшілік құқық бұзушылықтың субъектісі болады.

Әкімшілік құқық бұзушылықтың негізгі белгілерінің “әрекет” және “әрекетсіздік” қосылып “іс-қимыл” деген құқықтық ұғымды құрайды. Іс-қимыл құқыққа сәйкес және теріс қылық болып екіге бөлінеді.

Әкімшілік әрекет міндеттер мен заң талаптарын орындамау,бұзумен тікелей байланысты,құқық бұзушының мінез-құлығының белсенді түр пішіні.

Міндеттер мен заңды талаптарды орындаумен тікелей байланысты құқық бұзушының мінез-құлығының бәсең түр пішіні әкімшілік әрекетсіздік деп аталады.

Егер әкімшілік құқық бұзушылық жасаған жеке адам өзінің іс-әрекетінің құқыққа қарсы сипатын сезінсе,оның залалды салдарын алдын ала білсе және осы салдардың туындауын қаласа немесе оған саналы түрде жол берсе не оларға немқұрайлы қараса,әкімшілік құқық бұзушылық қасақана жасалған деп танылады.

Әкімшілік құқық бұзушлықтың белгілері

Әкімшілік құқық бұзушылықтың белгілері:

Қоғамдық қауіптілігі қоғамға,мемлекетке,адамдардың мүдделеріне зиян келтіретін әрекет,өзінің әлеуметтік маңыздылығы жағынан қоғамға қарсы болып табылады.Бұндай қоғамға қауіпті әрекеттің жауаптылығы әкімшілік заңдармен анықталады.

Әкімшілік құқықтың және басқа да еңбек,жер,қаржы құқықтары мен нормаларын бұзатын іс қимылдың құқыққа қайшы келетіндігі.

Әкімшілік құқық бұзушылықтың белгілері

Кінәлілігі егер де құқық бұзған тұлға кінәлі деп танылса,яғни ол құқық бұзушылықты қасақана не абайсызда жасаған болса,заң тұлға жасаған іс қимылды құқыққа,қайшы деп санайды.

Іс қимылдың жауаптылығы заңмен жауаптылық белгіленген іс қимыл әкімшілік құқық бұзушылық деп танылады.

Кез-келген әкімшілік құқық бұзушылық іс қимылды құқыққа жат,теріс қылық және оны жасаған субъектіні әкімшілік жауапқа тарту үшін,оның өзіндік құрамы болу керек. Әкімшілік құқық бұзушылықтың құрамы деп әкімшілік заңдармен бекітілген,әрекеттің не әрекетсіздіктің құқыққа қайшы,кінәлі және әкімшілік жауапқа тартуға болатындығын,не болмайтындығын анықтауға көмектесетін белгілер.

Әкімшілік құқық бұзушылықтың құрамы

Әкімшілік құқық бұзушылықтың құрамы

Әкімшілік құқықтың объектісіне әкімшілік заңдармен қорғалатын, белгілі бір іс-қимыл қауіп төндіретін қоғамдық қатынастар жатады.

Объективті жағы әкімшілік құқық бұзушылықтың сыртқы көрінісін, іс-қимылдың (әрекеттің, әрекетсіздіктің) өзін көрсетеді.Әкімшілік құқық бұзушылықтың объективті жағына оның бірнеше мәрте жасалуы кіреді.

Әкімшілік құқықтың құқық бұзушылықтың құрамы

Әкімшілік құқық бұзушылықтың субъектісіне әкімшілік құқық бұзушылық жасаған жеке және заңды тұлғалар жатады.

Әкімшілік құқық бұзушылықтың субъективті жағы дегеніміз өзі жасаған әрекетке не әрекетсіздікке деген тұлғаның психикалық қатынасы.

Әкімшілік құқық бұзушылықтың субъективті жағының белгілері

Әкімшілік құқық бұзушылықтың субъективті жағының белгілері

Әкімшілік құқықбұзушылықтың субъективті жақтарының белгілерінің ішіндегі ең негізгі белгісі кінә, ал себеп пен мақсат қосымша белгілері.

Кінә тұлғаның әкімшілік құқық бұзушылықтың сипатын және оның қоғамдық қауіптілігін түсіне, ұғына алды ма (кінәнің зияткерлік жағы) және оны жасауға ниеті болды ма (кінәнің еріктілік жағы) деген екі жақты құбылыстардан тұратын тұлғаның жасалған құқық бұзушылық және оның нәтижесіне деген ішкі, психикалық қатынасы.

Кінәнің түрпішіндері

Зияткерлік және еріктілік жақтарының арасалмағына байланысты кінәнің қасақана және абайсыздық сияқты екі түрпішіні болады.

Егер өз іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамға қауіпті екенін ұғынып, оның қоғамдық қауіпті зардаптары болуының мүмкін екенін немесе болмай қоймайтынын алдын ала білсе және осы зардаптардың болуын тілесе, әкімшілік құқық бұзушылық қасақана жасалған деп табылады.Қасақаналық тікелей және жанама болып екі түрпішінге бөлінеді.

Кінәнің түрпішіні

Абайсыздықтың екі түрпішіні бар: менмендік және немқұрайдылық.Абайсызда болатын менмендік тұлға әкімшілік әрекеттің (әрекетсіздіктің) зиянды салдарларының болатындығын алдын ала біле тұра жеңілдікпен олар жойылады деп сенуі.Егер адам өз іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамға қауіп туғызуы мүмкін екенін алдын ала білсе, бірақ бұл зардаптарды жеткілікті ннегіздерсіз жеңілтектікпен болғызбау мүмкіндігіне сенсе не болмаса өз іс-әрекетінің(әрекетсіздігінің) қоғамдық қауіпті зардаптарының болуы мүмкін екенін болжап білмесе, әкімшілік құқық бұзушылық немқұрайдылықпен жасалған деп танылады.

Әкімшілік жауаптылық

Әкімшілік жауаптылық дегеніміз құқық бұзушыға белгілі бір айырулар, зиян, айып, мұқтаждық, еркінен айыру сияқты құқықтық шығынға ұшырататын әкімшілік құқық бұзушылыққа деген мемлекеттің қатынасы, жауабы.

Әкімшілік жаза дегеніміз Әкімшілік Кодекс бойынша әкімшілік құқық бұзушылық жасаағн субъектіге мемлекеттік арнайы лауазымды адамдар мен органдар(соттар) тағайындайтын мемлекеттің мәжбүрлік шарасы.

Әкімшілік жазаның түрлері

Ескерту жасау

Әкімшілік айыппұл салу

Әкімшілік құқық бұзушылықты жасау құралы немесе оның тікелей объектісі болған затты, әкімшілік құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған кірістерді, ақшаны және бағалы қағаздарды тәркілеу

Арнаулы құқықтанайыру

Лицензиядан, арнаулы рұқсаттан, біліктілік аттестатынан(куәліктен) айыру немесе қызметтің белгілі бір түріне не белгілі бір іс - әрекеттер жасауға оның қолданылуын тоқтата тұру

Әкімшілік жазаның түрлері

Жеке кәсіпкердің қызметін тоқтата тұру немесе оған тыйым салу

Өз бетімен салынып жатқан немесе салынған құрылысты мәжбүрлеп бұзып тастау

Әкімшілік қаиауға алу

Шет елдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен кетіру

Әкімшілік құқық бұзушылықты жасау құралы немесе оның тікелей объектісі болған затты өтемін төлеп алып қою

Қолданылған әдебиеттер

1. “Қазақстан Республикасының мемлекеті мен құқығының негіздері”. Е. Баянов Алматы 2003.

2.“Қазақстан Республикасының құқық негіздері”.

Б.З. Ашитов Алматы 2003.

3.“Құқық негіздері” Қ. И. Оспанов Алматы 2003



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу