👈 қаріп өлшемі 👉

Бақыт дегеніміз - денсаулық сабақ жоспары


Бақыт дегеніміз -

денсаулық

Мақсаты: Білімділік – оқушылардың салауатты өмір салты жайлы білімдерін тереңдету,оларды зиянды заттарды қолдануға теріс көз қарастарын қалыптастыру,шылым шегу,нашақорлық,СПИД тәрізді аурулар туралы ой қозғау,өмірге деген көзқарастарын қалыптастыру;

Дамытушылық – оқушылардың жеке басының гигиеналық тазалығын сақтауын қалыптастыру,зиянды заттардың ағзаға тигізетін әсерін,өз денсаулықтарына жауапкершілікпен қарау сезімдерін дамыту;

Тәрбиелік – оқушыларды денсаулықты сақтауға,тазалыққа,ұқыптылыққа,әдептілікке,салауатты өмір салтына тәрбиелеу,құқықтық,адамгершілік тәрбие беру.

Денсаулық

- дұрыс дем алу

- ерінбеу керек

- ниеттену

- спортпен айналысу

- ағзаны шынықтыру

- уақытты дұрыс ұйымдастыру

- лайықты өмір сүру

- ынта-ықылас алға жетелейді

- қозғалыс ағзаны шынықтырады

Сайыстың шарттары:

1. “Сәлем берем халқыма” (Топ атымен таныстыру)

2. “Кім көп біледі?” (мақал-мәтелдің жалғасын табу)

3. “ Кім тапқыр? ” ойыны (жұмбақ шешу)

4. Ол кім ?Ол не ? (танымдық ойын)

5. Сөзжұмбақ шешу (Денсаулық,тазалық,салауат тақырыбында)

6. Достық деген не? (Өз пікірлерін ортаға салады)

I бөлім

“Сәлем берем халқыма”

II бөлім

“Кім көп біледі?”

I Топ “Тазалық”

1. Дана көптен шығады, ...

2. Бірінші байлық – ...

3. Ауырып ем іздегенше, ...

4. арақ ішіп, ... шеккен,

денсаулық түбіне жеткен.

5. ... қара,шашыңды тара.

6. Дені саудың,...

II Топ “Денсаулық”

1. ...денсаулық кепілі.

2. Ішің ауырса,аузыңды тый,

Көзің ауырса ...

3. Шынықсаң ... Боласың.

4.Денсаулық ... Байлық.

5. ... Адамның арқауы.

6. Ауру батпандап кіреді, ...

III бөлім “Кім тапқыр?”

I Топ “Тазалық”

1. Оны күткен адамдар,Ұзақ өмір сүреді.

Қадірін білген жарандар,Байлық осы деседі.

2. Әр айда мен аламын Он жаңа айды

Он жаң айды алсам да ол жамалмайды.

3. Асқар тауда қалың орман,

Кейде оны шөптей орам.

4. Жанды мотор сынбайды,күні-түні тынбайды.

Кейде оның жүрісін,Дәрігерлер тыңдайды.

5. Он жағымда бес сарбаз,сол жағымда бес сарбаз.

6. Қимылдаса қос шебер,Қыруар-қыруар іс бітер.

III бөлім

II Топ “Тазалық”

1.Үй ішінде отыз екі батыр,

Кіргендерді отап жатыр.

2. Қатар-қатар тас қойдым,

Жирен атты бос қойдым.

3. Бір-бірімен дос туыс,

Тау түбінде қос қуыс.

4. Жарасы жоқ сыздайды,өртенеді,мұздайды.

5. Кішкене ғана қараша,Тұрған жері тамаша.

Бір медетте жер жүзін Алады шарлап қараса.

6. Таудың екі жағынан,Екі қалқан жабысқан.

Жақын барсаң маңына,Сезе қояр дыбыстан.

IV бөлім

1-топ

1) Витаминдер-тіршілікке қажетті заттар.Vito-өмір,аmin-қажетті деген латын сөзінен тұрады. Осы терминді 1912 жылы поляк ғалымы енгізді.Ол кім?

2) Адамның ақыл-ойының дамуы мен өсуіне жағдай жасайды. Теңіз өнімдерінде, балықта, көкөністе болады. Ол не?

3) Аллергия-кейбір заттарға(шаң,өсімдік тозаңы,химиялық заттар,тағам өнімдері) ағзаның ерекше сезімталдығы. Аллергия терминін 1906 жылы австралиялық дәрігер педиатр енгізді. Ол кім?

4) Қазақстанда алғаш рет ол 1978 жылы шықты. Өсімдік, жануарларды қорғау мақсатында 1981 жылы және 1996 жылдары толықтырылып басылды. Ол не?

5) Никотин кімнің есімімен байланысты қойылған?Ол кім?

6) Еуропада темекі атауы. Ол не?

lV бөлім

2- Топ

1.1590-1610 жылдары оптика шеберлері голландиялық әкелі –балалы Янсендер ойлап тапты.Ол не?

2.Валеология сөзінің қазақша баламасын ата.

3.Валеология терминін ұсынған ғалым кім?

4. Темекі құрамындағы улы зат.Ол не?

5.XXI ғасыр обасы.Ол не?

6. Маскүнем сусыны.Ол не?

Сөзжұмбақтарды шешу.

“Салауат”

1) Адамның басты байлығы не?

2) Дені сау адамның көңілі қандай болады?

3) Біз салауатты өмірдің несін сақтауымыз керек?

4) Деніміз сау болуы үшін не ішуіміз керек?

5) Сау денеде салауатты не болады?

6) Асқар тауда қалың орман,

Кейде оны шөптей орам.

7) Жаны саудың несі сау?

V бөлім

I-топ “Тазалық”

1.Ол тісіміздің тазалығы мен саулығын сақтайды.

2.Көзімізді ашытсада жуынғанда керекті зат.

3.Гигиенаны сақтау үшін не керек?

4. ... қара,шашыңды тара.

5.Салауатты өмір несі?

6.Тәні саудың несі сау?

7.Денсаулық зор ... .

II Топ

Денсаулық”

1. ... саудың жаны сау.

2. ... тепкен құлынның еті ауырмайды.

3. Ер ... Ат.

4. Ауру ... болады.

5. ... үйдің қонағы билейді.

6. ... жасырғанды өлім әшкерелейді.

7. ... басынан шіриді.

8. ... алды – ынтымақ.

9. ... түскен баспақшыл.

VI бөлім

1.Дос деген кім?

2. Маскүнемдердің қоғамға тигізер зардаптары қандай?

3. Нашақорлық деген не?

4. Нашақорлықты қалай тоқтатуға болады?

5. Арақ,темекі туралы қандай жұмбақтар білесіздер?

Материалдың толық нұсқасын қалай жүктеймін?

Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:


Қарап көріңіз 👇



Жаңалықтар:
» Білім министрлігі «мұғалімдер айлығы қысқарады» деген қауесетті жоққа шығарды 08.12.2021, 0
» Президент Тоқаев 2022 жылға арналған ең төменгі жалақы мен АЕК мөлшерін бекітті. 02.12.2021, 0
» "Өз жүрегіңнен ұялмайсың ба": Қайрат Нұртастың жазбасы елді елең еткізді 16.11.2021, 0

Пікір жазу



Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы