👈 қаріп өлшемі 👉

Көктем сабақ жоспары


Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың етістік бойынша алған білімдерін тиянақтау, теориялық білімдерін практикамен ұштастыру пән бойынша білім біліктерін қалыптастыру.

Дамытушылық: Оқушылардың ізденімпаздық, тапқырлық қасиеттерін қалыптастыру, өз ойларын тиянақты, жүйелі нақты жеткізуге баулу.

Тәрбиелік: Оқушыларды әдептілікке, ізгілікке, ұйымшылдыққа, табиғаттың сұлулығын түсінуге шығармашылық қабілеті мүмкіндігінше дамыған азаматты тәрбиелеу.

Көктем.

Көктем келді. Көктем айлары: наурыз, сәуір, мамыр. Көктемде жер күндіз жібиді, кешке қатады. Өзендерде сең жүре бастайды. Наурыз айында күн көбінесе бұлтты болады. Ағаш бұтақтарында бүршіктер пайда болады. Жыл құстары келе бастайды. Жер беті гүл-бәйшешекке бөленеді.

Көктемде шаруа жұмыстары басталады. Бақшада егін егіледі, мал төлдейді. Көктем мезгілі сондай тамаша!

Қажетті сөздер

Наурызда күн мен ___________теңеледі.

Ағаш бұтақтарында _____________пайда болады.

Өзеңдерде _______жүре бастайды.

Наурыз айында күн көбінесе________болады.

Көктемде жер күндіз _________, кешке________.

түн

бүршіктер

сең

бұлтты

жібиді

қатады

1

1.Жыл мезгілдерін ата.

2.Көктем айларын айт.

3.Қандай көктем мерекелерін білесің?

2

1.Ағаш бұтақтарында не пайда болады?

2.Табиғатта қандай өзгерістер болады?

3.Жер беті неге бөленеді?

3

1.Көктемде қандай жұмыстар басталады?

2.Мамыр айында қандай мерекелерді атап өтеміз?

3.Көктемде күндіз ауа райы қандай болады?

Тапсырма: мәтінді етістіктермен толықтырып оқып көшіріп жаз.

1. Қыстан кейін көптен күткен көктем ________.

2.Наурыздан бастап күн жылына__________.

3. Қар ______.

4. Ағаштар бүршік _________.

5. Жер беті гүл-бәйшешекке ___________.


Материалдың толық нұсқасын қалай жүктеймін?

Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:


Қарап көріңіз 👇



Жаңалықтар:
» "Өз жүрегіңнен ұялмайсың ба": Қайрат Нұртастың жазбасы елді елең еткізді 16.11.2021, 0
» Қазақстанда балаларға да вакцина паспорты беріледі 14.11.2021, 0
» Интернет-алаяқтардан қалай қорғану керек? 09.11.2021, 0

Пікір жазу



Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы