Ыбырай Алтынсарин
Сабақтың тақырыбы
“Залым төреге”
өлеңін талдау
Сабақтың мақсаты:Өлеңді өмірмен байланыстыра отырып,
ауызша және жазбаша сын тұрғысынан талдау
Ой шақыру
Кілт сөздер:
Әлеуметтік – теңсіздік,
парақорлық, қатерлі
келеңсіздік, демократтық
көзқарас
Мағынаны
ажырату
Блумның сұрақ
қою жүйесі
Б і л і м
сатысы
Өлеңнің тақырыбы не, идеясы қандай? Ақын қара халық атынан сөйлей отыра қандай мәселені көтеріп отыр?
Түсіну
Ыбырай өз заманындағы әлеуметтік теңсіздікті, қоғамдағы қарама – қайшылықтарды, ел билеуші әкімдердің келеңсіз қылықтарын қалай сынап отыр?
Олардың мінез – құлқы мен іс - әрекеті ше?
Қалай ойлайсыңдар, «Жарлылар да бір табар әділ қазы, Таразылы күн болса, арыз етер» деген жұбату сөзінің қаншалықты жаны бар?
Қолдану
Қалай ойлайсыңдар, өлеңде залым төре бейнесін ашудағы Ыбырай рөлі қандай?
Өз көзқарасыңды дәлелде.
Олардың бейнесінің негізіндегі халық ашуы мен ызасын қалай түйіндер едің?
Анализ
Қалай ойлайсыңдар, өлеңдегі «тақсыр - тақсыр дегізіп тамсандырдың» деген жолдардан нені аңғаруға болады?
Бұл сөздің кедей өміріне қатысы бар ма?
Бағалау
Ел билеуші әкімдер мен төрелердің халыққа жасаған істеріне қандай баға берер едің?
Ыбырай халық тағдырын дұрыс шешкен бе? Ол шешімге қосыласың ба?
Синтез
«Залым төреге», «Қара халыққа», «Ыбырай атаға», т.б. қалаған тақырыпқа сауаттылық хат жазу.
Оразаның түбіне мақсым жетер,
Азған елдің түбіне тақсыр жетер.
Әділдіктен хан тайса, наным кетер,
Жылай – жылай жарлының малы кетер.
Ой толғаныс
Үйге тапсырма:
“Ыбырай – балалар әдебиетінің атасы”
(ой толғау).
2-3 әңгімесінің
мазмұнын біліп келу.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?