Өлшемдердің метрлік жүйесі


Кім білімді, кім жылдам?

Аспаптардың көмегімен дұрыс орындалған өлшеулердің ең үлкен жаңылысы .............................................................. тең

Аспап бөлігі құнының жартысына тең

Сызғыштың қайсында бөлік құны 0,5 см-ге тең.

А-сурет В-сурет

Егер сызғыштың ұзындығы 4 см-ге тең болып және өлшеу дәлдігі 0,5 см болса, онда сызғыштың өлшеу қателігінің мәні:

А) 4 см

Ә) l =(4,00 ± 0,5) см

Б) l =(4,00 ± 0,1) см

В) l =(4,00 ± 0,25) см

Физикалық шамалар дегеніміз не?

Өлшеулер жаңылысы қандай себептерден туындайды?

Физикада өлшеудің қандай тәсілдері бар?

Тура және жанама тәсілдер

Ең қарапайым өлшеу құралы

Ең қатты дене

Аспан денелері туралы ғылым

Құралдың бетіне түсірілген бөліктер мен сандар не деп аталады?

Физика мен техникадағы ең ің ірі 4 жетістігінң бірі

Гипотезаның қазақша мағынасы

Табиғатты зерттеудің ғылыми әдістерінің бірі

Өлшемдердің метрлік жүйесі

Физикалық шамалардың өлшем бірліктері бірден айқындалған жоқ. Бүгінгі колданылып жүрген бірліктер - тарихи дамудың жемісі.

Ертеде әр ел әр түрлі өлшемдер қолданып келді. Мысалы, казактар ұзындыкты өлшеу үшін: қарысҚарыселіЕлі (әлі жазылмаған)суйемСуйем (әлі жазылмаған)табанТабанқұлашҚұлаш (әлі жазылмаған), шақырым сияқты бірліктерді пайдаланды. Сондай-ақ орыстың 1 верстаВерста (әлі жазылмаған) аралығы 500 құлашқа (саженъ) тең. АҚШАҚШ пен АнглиядаАнглия осы уақытқа дейін ұзындықтың миляМиляярдЯрдфутФутдюймДюйм деген бірліктері қолданылады. Өлшем бірліктердің осындай алақұлалығы бір өлшемнен екінші өлшемдерге өтуді қиындатып, ұзақ есептеулерді талап етеді.

2. Өлшем бірліктердегі жүйесіздік халықтар арасындағы сауда-саттықты қиындатып, өнеркәсіптің дамуына нұқсан келтірді. Міне, осыған байланысты 1793 жылы ФранциядаФранцияөткен Конвенренцияда «Өлшемдердің метрлік жүйесін» енгізу туралы аса маңызды шешім қабылданды. Оның негізіне ұзындықтың бірлігі метрМетр алынды. МетрМетр эталонында: «Барлық уақытта, барлық халықтар үшін»! деген сөз қашап жазылды. Кейінірек (1875) өлшемдердің метрлік жүйесін көптеген елдер кабылдады. Оның негізінде өлшеулердің барлық салаларын қамтитын Халықаралық бірліктер жүйесі жасалды (1960). Ол қысқаша SI (фр.Франсуз тілі Systeme International) деп белгіленеді. Халықаралық бірліктер жүйесінде (SI) жеті негізгі бірлік, солардың ішінде ұзындық бірлігі - метрМетр (м), масса бірлігі - килограммКилограмм (кг), уақыт бірлігі - секундСекунд (с) бар. Басқа бірліктер бүлардан шыккан туынды бірліктер болып табылады. Мысалы, аудан бірлігіне - [[квадрат метр]] (м2); көлем бірлігіне - куб метрКуб метр (әлі жазылмаған) (м3) алынады.

3. Өлшемдердің метрлік жүйесінің негізіне барлық халықтардың санау тәсілдеріне ортақ «ондық принциптің» алынуы - оның ең басты артықшылығы. Расында да, «ондық принцип» бойынша барлық еселенетін немесе бөлінетін бірліктер негізгі бірліктерді 10 санына көбейту немесе бөлу арқылы алынады.

Осыған байланысты тіркес сөздердің ондық жүйесі жасалған. Мысалы, килоКило тіркесі мыңды білдіретін болғандықтан:

1 километр (км) = 1000 метрМетр (м);

1 килограмм (кг) = 1000 граммГрамм (г);

1 киловольт (кВ)=1000 вольтВольт (В) деп жазамыз.

Сол сиякты миллиМилли (әлі жазылмаған) тіркемесі мын бөліктің бір бөлігін білдіреді:

1 миллиграмм - 1 грамныңГрам (әлі жазылмаған) мыңнан бір бөлігі;

1 миллиметр - 1 метрдіңМетр мыңнан бір бөлігі;

1 миллилитр - литрдіңЛитр мыңнан бір бөлігі, т.с.с.

Өлшемдердің метрлік жүйесі бір өлшемнен екінші өлшемге өтуді, соның ішінде квадраттық және кубтық бірліктерге ауысуды жеңілдетеді. Мысалы,

1 м =100 сантиметр (см) болғандықтан,

1 м2 =1002 см2 =10 000 см2, сондай-ақ

1 см = 10 миллиметр(мм) немесе 1 мм=1 см: 10=0,1 см болғандықтан,

1 мм3 = (0,1 см)3=0,13 см3 = 0,001 см3.

1)елі ≈ 2-2,5 см (орта шамадағы бір саусақтың ені);

2) тұтам ≈ 8-10 см (жұдырық ені);

3) сынық сүйем ≈ 13-15 см (бүгілген сұқ саусақ пен бас бармақ арасындағы қашықтық);

4) сүйем ≈ 17-20 см (көсілген бас бармақ пен сұқ саусақ арасындағы қашықтық);

5) қарыс ≈ 20-22 см (көсілген бас бармақ пен ортаншы саусақ арасындағы қашықтық);

6) кез ≈ 70-75 см (саусақтардың ұшынан иыққа дейінгі ара қашықтық);

7) 1 кез ≈ 7-9 тұтам.

Ұзындық өлшемдері

Биіктік өлшемі

1)оқ бойы ≈ 1,0-1,5 м жебе ұзындығы;

2)найза бойы ≈ 3-5 м

3)арқан бойы ≈10-12 м т.б.

Адамның айқайлаған даусы естілсе,қашықты «шақырым» деп белгілеген,1 шақырым ≈ 1 км.

Сұйыққа арналған ыдыс өлшемі

1)қасық ≈ 50 г;

2) ожау ≈ 0,5 л;

3) тостаған ≈ 0,5 л;

4) аяқ ≈ 1 л;

5) шара ≈ 1,5-2 л;

6) тегене ≈ 8-10 л;

7) тосық ≈ 8-10 л (ешкі терісінен тігілген ыдыс)

8) көнек ≈ 15-16 л (бие сауғанда

пайдаланылатын былғарыдан тігілген ыдыс)

Салмақ өлшемдері

1) 1 пұт ≈ 16 кг, жарты п.ұт ≈ 8 кг;

2) қадақ ≈ 400 г, ширек қадақ ≈ 100 г.

3) 1 қап немесе 4 п.ұт ≈ 65-66 кг;

4) 1 мысқал ≈ 4,46 г;

5) 1 жамбы күміс ≈ 6 кг;

6) 1 пітір. бидай ≈ 3 кг;

7) 1 ширек шай ≈ 250 г;

8) 1 шөмке шай ≈ 50 г;

9) 1 тай мөңке шай ≈ 25 г;

10) 1 қайнатым шай ≈ 6,5 г;

Сөздікпен жұмыс

1875 жылы өлшемдердің метрлік жүйесі қабылданды. Оның негізінде 1960 жылы өлшеулердің барлық салаларын қамтитын

 Халықаралық бірліктер жүйесі жасалды. Ол қысқаша SI (фр.Франсуз тілі Systeme International) деп белгіленеді.

1 километр (км) = 1000 метрМетр (м);

1 килограмм (кг) = 1000 граммГрамм (г);

1 киловольт (кВ)=1000 вольтВольт (В)

1 миллиграмм - 1 грамныңГрам (әлі жазылмаған) мыңнан бір бөлігі;

1 миллиметр - 1 метрдіңМетр мыңнан бір бөлігі;

1 миллилитр - литрдіңЛитр мыңнан бір бөлігі, т.с.с

Жылқыға жем беру

Біреу алты жылқысына күн сайын он қадақ сұлы беріп жүреді. Жем жылқының жасына қарай бөлінеді: биеге – үш қадақ, құнандарына – екі қадақтан, ал тай басына бір қадақтан жем береді.

Мал иесі үйіне алыстан келіп, қонақ болып отырған жекжатына әңгіме арасында өзінің осы тіршілігін айтып қалады.

«Сонда бие нешеу, құнан нешеу, тай нешеу болғаны?»

- деп, қонақ жылқы санын іштей есептеуге көшті.

Алтын айқабақ

Той сән- салтанаттың бірі- жамбы ату, айқабақ ілу, жаяу жарыс, күрес.

10 құлащтық діңгектің басына алтын айқабақ ілінген. Біріншісі- 8 құлашта, екіншісі- 9 құлашта, үшіншісі- ең төбесінде. Жалаңаяқталған жігіттер діңгекпен өрмелеп барып, алтын теңгелерді – айқабақты алуы тиіс. Кім оған жетсе – алтын айқабақ соныкі.

Егерде бірінші жігіт 2 құлаш өрмелеп, 2 қарыс төмен сырғып түссе, екінші жігіт 1,5 құлаш демалыссыз алға өрмелеп, 1,5 қарыс кейін түссе, үшінші жігіт 2,5 құлаш жоғары өрмелеп, 2,5 құлаш төмен сырғыса, әрбір жігіт неше дем алғаннан кейін алтын айқабаққа жетеді?

1 құлаш = 8 қарыс

Шөп.

Үйде 40 қой, екі құлынды бие, 4 бұзаулы сиыр бар болатын. Бір күнде 10 қойға 1 тай шөп, 1 құлынды биеге 1 тай шөп, екі бұзаулы сиырға 3 тай шөп бкріледі. 9 күнде бір тай шөп рәсуа болып тапталып қалады.

Мал 108 күн қолға қарады, шөп таусылды. Қанша тай шөп бар еді?

Үй тапсырмасы:

1) §12. Өлшемдердің метрлік жүйесі

2) 3-жаттығу (2,3)

3) Ертеде қолданылған өлшемдер туралы жазып келу.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу