Абай Жазғытұры
Жазғытұры
Абай
Абай деген кім?
Қазақтың бас ақыны Абай Құнанбаев. Онан асқан бұрынғы - соңғы заманда қазақ даласында біз білетін ақын болған жоқ.
Ахмет БайтұрсыновЖазғытұры
Жазғытұры – Абайдың жыл мезгілдері циклысына кірген шығармасы.
Жазғытұры
Оны Абай шығармашылық жолы басталғанда жазады.
1909 жылы Санкт-Петербургте Абайдың шығармалының сборнигі Тұрағұл Құнанбаевпен (1875-1934) и Кәкітәй (1868-1915) арқасында жарық көреді.
Жазғытұры
Жазғытұры қалмайды қыстың сызы,
Масатыдай құлпырар жердің жүзі.Жан-жануар, адамзат анталаса,Ата-анадай елжірер күннің көзі.Жаздың көркі енеді жыл құсымен, Жайраңдасып жас күлер құрбысымен.Көрден жаңа тұрғандай кемпір мен шал, Жалбаңдасар өзінің түрғысымен.Қырдағы ел ойдағы елмен араласып, Күлімдесіп, көрісіп, қүшақтасып.Шаруа қуған жастардың мойыны босап, Сыбырласып, сырласып, мауқын басып.Туйе боздап, кой қоздап - қора да шу,
Көбелекпен, құспенен сай да ду-ду.Гүл мен ағаш майысып қарағанда,Сыбдыр қағып, бұраңдап ағады су.Көл жағалай мамырлап қу менен қаз,
Жүмыртқа іздеп, жүгіріп балалар мәз.Ұшқыр атпен зырлатып тастағанда,Жарқ-жүрқ етіп ілінер көк дауыл баз.Құс қатарлап байлаған қанжығағаҚыз бұраңдап жабысып, қылады наз.Жазға жақсы киінер қыз-келіншек,Жер жүзіне өң берер гүл-бәйшешек.Қырда торғай сайраса, сайда - бұлбұл, Тастағы үнін косар байғыз, көкек.Жаңа пұлмен жамырап саудагерлер, Диханшылар жер жыртып, егін егер. Шаруаның бір малы екеу болып,Жаңа төлмен көбейіп, дәулет өнер.Безендіріп жер жүзін тәңірім шебер, Мейірбандық дүниеге нұрын төгер. Анамыздай жер иіп емізгенде,Бейне әкеңдей үстіңе аспан төнер.Жазғытұры
Жаз жіберіп, жан берген қара жерге
Рахметіне алланың көңіл сенер.Мал семірер, ақ пенен ас көбейер, Адамзаттың көңілі өсіп көтерілер.Қара тастан басқаның бәрі жадырап,Бір сараңнан басқаның пейілі енер. Тамашалап қарасаң тәңірі ісіне,Бойың балқып, ериді іште жігер.Кемпір-шал шуақ Іздеп, бала шулар,Мал мазатсып, қуанып, аунап-қунар.Жыршы құстар әуеде өлең айтып,Қиқу салар көлдегі қаз бен қулар.Күн жоқта кісімсінер жұлдыз бен ай,Ол қайтсін қара түнде жарқылдамай,Таң атқан соң шығарын күннің біліп,Өңі қашып, бола алмас бұрынғыдай.Күн - күйеу, жер - қалыңдық сағынышты, Құмары екеуінің сондай күшті.Түн қырындап жүргенде көп қожаңдап,Күйеу келді, ай, жүлдыз к... қысты.Ай, жұлдызға жылы жел хабар беріп,Жан-жануар қуанар тойға елеріп.Азалы ақ көрпесін сілке тастап,Жер күлімдер, өзіне шырай беріп.Күн - күйеуін жер көксеп ала қыстай,Біреуіне біреуі қосылыспай,Көңілі күн лебіне тойғаннан соңЖер толықсып, түрленер тоты құстай.Адам тіктеп көре алмас күннің көзін,Сүйіп, жылып тұрады жан лебізін.Қызыл арай сары алтын шатырына,Күннің кешке кіргенін көрді көзім.Жазғытұры
Жазғытұры көктем емес, жаздың алдындағы көктемнің соңғы күндері деу керек
Жазғытұры
Автор көктемге қуанады. Бірақ бұл авторға әлі түсініксіз кезең. Ол наурыз мейрамына мұлдем ұқсамайды.
Автор ойынша бұл сәуірдің соңы, мамырдың ортасы сияқты уақытты көрсетеді.
Жазғытұры
Бұл шығармада Абай
сининимдердің қатарын (Сыбырласып, сырласып, мауқын басып…),
салыстырмаларды (Ата-анадай елжірер күннің көзі. ) қолданады
ОЛицетворениелерді (Күн жоқта кісімсінер жұлдыз бен ай, ) қолданады
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?