Өлеңдер

Өлеңдер бөліміне қош келдіңіз!!!
Авторлар тізімі: Абай Құнанбаев, Ахмет Байтұрсынов, Ақұштап Бақтыгереева , Ақтан Керейұлы , Ақерке Асан , Ақтамберді жырау , Ақсұңқарұлы Серік , Асан Қайғы , Аслан Қаженов , Асқар Тоқмағамбетов , Асылзат Арыстанбек , Айбек Бестенқұлов , Анна Ахматова , Әбубәкір Кердері , Әбіш Кекілбайұлы, Әсет Ақдәулет , Бақыт Беделхан , Бағашар Тұрсынбайұлы , Бауыржан Әліқожа , Бауыржан Қарағызұлы , Базар Жырау Оңдасұлы , Бернияз Күлеев , Біржан сал Қожағұлұлы, Болат Кенішбаев , Бұқар жырау , Доспамбет Жырау , Жамбыл Жабаев , Жанар Айжанова , Жандарбек Бұлғақов , Жандарбек Жұман , Жанкелді Немеребай , Жиембет Жырау , Жұматай Жақыпбаев , Жұмағали Саин , Жұмекен Нәжімеденов , Жүсіпбек Аймауытов , Иса Байзақов , Исмағұлов Сабыржан , Исраил Сапарбай , Кенен Әзірбаев , Күләш Ахметова , Қанат Дауылбаев , Қалқаман Сарин , Қадыр Мырза Әли , Қайсар Қауымбек , Қалижан Бекхожин , Қасым Аманжолов , Құралай Омар , Есенғали Раушанов , Ербол Бейілхан , Ерболат Қарақойшиев , Ерлан Ахмет , Ерғалиев Хамит , Ерлан Сәдуақасұлы , Махамбет Өтемісұлы, Мағжан Жұмабаев , Майлықожа Сұлтанқожаұлы, Мақпал Мыса , Матай Сансызбайұлы , Мәделі Жүсіпқожаұлы , Мұрат Мөңкеұлы , Мұсабек Байзақұлы , Мүбәрәк Жаманбалинов , Мөңке би , Мәриям Хакімжанова , Медеу Демеу Медеуұлы , Мұқағали Мақатаев, Міржақып Дулатұлы, Мұхтар Шаханов, Назгүл Бердіқожа , Несіпбек Айтұлы , Нұржан Наушабайұлы , Нұрболат Жолдасбек , Омар Шораяқұлы , Олжас Сүлейменов, Олжас Отар, Оралхан Бөкей, Оразақын Асқар, Ринат Зайытов, Сағыныш Намазшамова , Сергей Есенин , Сүйінбай Аронұлы, Саят Әбенов , Сәбит Дөнентаев , Сұлтанмахмұт Торайғыров , Танакөз Толқынқызы, Тәтіқара ақын , Темірхан Медетбек , Тоқтарәлі Таңжарық , Төлеген Айбергенов, Тұрмағамбет Ізтілеуов , Тұрмағанбет Кенжебаев , Тұманбай Молдағалиев , Тыныштықбек Әбдікәкімұлы , Шал ақын Тілеуке Құлекеұлы , Шалкиіз жырау Тіленшіұлы , Шәді Жәңгірұлы , Шәкәрім Құдайбердіұлы, Шәмші Қалдаяқов , Шерхан Талап , Шернияз Жарылғасұлы , Шортанбай Қанайұлы , Шөже Қаржаубайұлы , Фариза Оңғарсынова, Ыбырай Алтынсарин, Ықылас Ожай , Ілияс Жансүгіров

Біржан сал Қожағұлұлы (Бабай мен қасқырдың айтысы)

Бабекең қарсақ аулап жүрген екен,
Астына буаз бие мінген екен.
Жартастың өзенінде келе жатса,
Алдында қасқыр ізін көрген екен,
Сол кезде қылау жауып ізді басты.
Кәрілік кетіп Бабекең болды жас-ты.
Бір қурайды пана қып жатыр екен.....
Өлеңдер
Толық

Біржан сал Қожағұлұлы (Телқоңыр)

Телқоңыр қайтып кетті елге таман
Ит-құстан барар ма екен есен-аман?
Ит-құстан аман-есен бара қалсаң,
Сәлемді үш қайтара айттым саған.
Жүгіріп жалаң аяқ шықтым қырға,
Басқаға жолда тұрған мойның бұрма.
Кеткенде аулың шалғай, беу қарағым,
Салсайшы өзімдей қып «Телқоңырға!».....
Өлеңдер
Толық

Әбіш Кекілбайұлы (Алмас қанжар)

Жер түбінде көп дұшпан дуылдады -
Жатты қында жарқырап, суырмады.
Жаудың оғы төбеде зуылдады -
Жатты қында жарқырап, суырмады.
Жау тақалды, жүрегі суылдады -
Жатты қында жарқырап, суырмады.
Жау қамады, қалды енді қалың сында .....
Өлеңдер
Толық