Қазақша өлең: Қасым Аманжолов (Абай арманы) » ZHARAR © 2016 | қасым аманжолов Абай арманы өлең стихи на казахском касым аманжолов казакша олен, қасым аманжолов өлеңдері, стихи на казахском языке касым аманжолов, касым аманжолов олендери, Абай арманы




  • »

Қазақша өлең: Қасым Аманжолов (Абай арманы)

Қазақша өлең: Қасым Аманжолов (Абай арманы) казакша Қазақша өлең: Қасым Аманжолов (Абай арманы) на казахском языке

«Адасып, алаңдама жол таба алмай,
Берірек түзу жолға шық, қамалмай.
He ғылым жоқ, немесе еңбек те жоқ,
Ең болмаса кеттің ғой мал баға алмай»,
Деген сөзі ақынның қайнап іште,
Келе жаттық жүйткітіп шаңқай түсте.
Көсіліп арыстандай жатты Шыңғыс,
Сенген соң бойындағы алып күшке.
Келе жаттық кең қорық Жидебайға,
Қарауыл қалды артта әлдеқайда.
Кернеген көкіректі көп сыр жатыр,
Келеміз айтарлықтай соны Абайға...
Айдынның аралындай бір дөңесте
Тұр қыстау талай сырды салып еске.
Еркіндеп араладық әр бөлмесін,
Абайдың еркелері біз емес пе!
Бейіт тұр кәдімгі ескі, төрт қүлақты,
Япыр-ай, ақын бұған қалай жатты?!
Тіл қатпас түсі суық, сұп-сұр мола,
Сезе ме қуанышты, махаббатты...
Қария жас көңілді, жүзі бір нарт-
Әрі әнші, әрі күйші, өзі жомарт,
Көп сырды көңілдегі берді шешіп
Абайдың немересі Исраил қарт:
- Жігіттер, келіпсіздер Абайды іздеп:
Маған да ишаратпен «қалайсыз?» деп.
Ризамын! Ойламаған екенсіңдер
Абайдың ескі жұрты Абайсыз деп.
Сөзімде, ескертерсіз, болса қатам,
Ақынға мекен болмас зират пен там.
Аралап туған елін кеткен еді
Сенің де, менің дағы Абай атам.
Атаңның аңсағаны сендер едің,
Әрқайссыңды атаңа тең дер едім,
Ғылым, еңбек, бар бақыт өздерінде,
Осы емес пе, қарағым, ең керегің.
Жұттай қысып бір кезде қатал заман,
Оны жырлап берген-ді атаң саған.
Үнін естіп бүгінгі бақыттының,
Атаң шыдап қабірде жата алмаған, -
Деген сөзі зерделі қарияның
Бір сілкінтті ақынның өр қиялын.
Кеттік тағы аралап байтақ елді
Арасымен алуан уақиғаның.
Колхоз бардық, әрбір үй, әрбір мектеп
Ақын ата Абайын жүр қүрметтеп.
Қала келдік, шықты алдан тағы да Абай,
Бекер ойлап жүріппіз «құр сурет» деп.
Қабырғадан қараса ойлы көзбен,
Тірі адамдай емес пе бәрін сезген.
Асқақ жыры ақынның жүр аралап
Өзіміздей кәдімгі өр мінезбен.
«Республика тойына жаздым өлең», -
Деп барсам мен ұйымға - кімді көрем?
Нағыз төрде отыр ол маңғазданып,
Сөйлесердей сенімен, меніменен.
Ақын ата, жетіпсің арманыңа,
Осыны аңсап жүрегің талмады ма!
Бізбен бірге келіпсің бүгінгіге,
Бізбен бірге барарсың алдағыға.


Санат: KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы | | 74
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

. .