Қазақша өлең: Ықылас Ожай (Жусан) » ZHARAR © 2016 | ықылас ожай Жусан өлең стихи на казахском языке ыкылас ожай улы казакша олен, ықылас ожай өлеңдері сайты, стихи на казахском языке ыкылас ожай улы, ыкылас ожай улы казакша олендер, Жусан




  • »

Қазақша өлең: Ықылас Ожай (Жусан)

Қазақша өлең: Ықылас Ожай (Жусан) казакша Қазақша өлең: Ықылас Ожай (Жусан) на казахском языке

Қобыздың қылына қайғымды тұндырып,
Тағы да мұң шалдым.
Асандай азалы, Қорқыттай қазалы
cарқыты ем бір шалдың.
Қазақы болмысым,
Қайдасың, ұжданым?
Құс тілін саз етіп,
су тілін сөз етіп,
Исімен сөйлеген жусанның.
Бұл дала –
Боздақтар денесі,
Топырақ иленген қанына.
Даламның әр тасы –
Анамның көз жасы
шері бар зарында.
Боз дала, боз дала –
денемнің бөлшегі,
Мен сенен жаралдым басында
Мен саған сіңемін соңында.
Бір уыс топырақ,
Омырауын оқ тескен
оғылан бір ұлың.
Сол үшін...
Тастың да тәу етем әр түйір сынығын.
Қайдасың тектілік,
қайдасың өр рух!
Боз жусан аңсаған
Бейбарыс ғұмырым.
Жусан жоқ...
киемнің ырысы,
Құрттаған ұрандар,
Ұртталған тілектер тоғысы,
Халықты ту еткен қарынның дыбысы,
Алапат асқазан соғысы...
Санамның сырқаты,
Құлдықты шындық деп сорлайды,
Көзі жоқ көп надан
Қоңызша боқ қуып, доңызша ойлайды.
«Біздің ел осындай»,
Айнала аппақ нұр, жер үсті гүлстан
Өзгеше,
өзгеше...
ойлауға болмайды.
Өзгеше ойлатпас осы дерт,
Жанымның жартысын кетті үгіп.
Аһ, қайран, дүние-ай!
Түбіме сен жеттің тексіздік...
Маздасын Махамбет мінезім,
Оянсын рухым от бүркіп,
Сен жаса, боз жусан болмысым,
Сен жаса, бекзада тектілік!


Санат: KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы | | 178
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

. .