Қазақша өлең: Ықылас Ожай (Мен) » ZHARAR © 2016 | ықылас ожай Мен өлең стихи на казахском языке ыкылас ожай улы казакша олен, ықылас ожай өлеңдері сайты, стихи на казахском языке ыкылас ожай улы, ыкылас ожай улы казакша олендер, Мен




  • »

Қазақша өлең: Ықылас Ожай (Мен)

Қазақша өлең: Ықылас Ожай (Мен) казакша Қазақша өлең: Ықылас Ожай (Мен) на казахском языке

Өмірім – елімдікі,
Өлімім – өзімдікі.
(Халық даналығынан)

Мен, мен едім, мен едім,
Мен дегенім кім еді?..
Жаным бір жарық НҰР еді,
Жаратқан әмір еткесін,
Жарқ етіп ол да бір күні
Жатырға келіп түнеді.
Мен ақын деген АҚИҚАТ
Аспаннан түскен қаламмын.
Қағазға тұнған сырымын
Он сегіз мың ғаламның.
Самалымын Құдайдың,
Сиясымын Құранның,
Тамшыдан тәнім дүреген
Топырағымын Тұранның.

Кеудемнің іші КҮН еді
Күмістен еді шүмегі....
Анау бір алас жылдары
Аруана жұрттан алыстап,
Көгіме қайғы түнеді.
Ай, аруана жұрт,
мен сенің
Қайырылған құстай құтыңның
қаңқылдап жеткен үнімін,
Қобыздан қою тілімін...
Күркіреп ағар қаныңның
күп-күрең түйіршігімін.
Алтайым – асқақ ақылым,
Сабырым еді Сарыарқа,
АБАЙҒА ҒАНА ІНІМІН.
Ханзада қанның тұнығы,
«...Көл шайқаған жалғыздың»...
Көзге бір басар сынығы
Қазақтың ҚАРАКӨГІМІН.

Бозжусан менің болмысым,
Бозінген болып боздашы....
ҚАРАШЫҒЫМСЫҢ ЕНДІ СЕН
ҚАН МЕНЕН ЖАСҚА КӨКТЕГЕН
АЛАШТЫҢ АЛТЫН ОРДАСЫ.
Мен өзің деп кесілген
КЕНЕСАРЫНЫҢ әз басы
Мен өзің деп мөлт еткен
ҒАЛИХАН ердің көз жасы....


Санат: KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы | | 83
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

. .