Қазақша өлең: Ықылас Ожай (Өлім) » ZHARAR © 2016 | ықылас ожай Өлім өлең стихи на казахском языке ыкылас ожай улы казакша олен, ықылас ожай өлеңдері сайты, стихи на казахском языке ыкылас ожай улы, ыкылас ожай улы казакша олендер, Өлім




  • »

Қазақша өлең: Ықылас Ожай (Өлім)

Қазақша өлең: Ықылас Ожай (Өлім) казакша Қазақша өлең: Ықылас Ожай (Өлім) на казахском языке

Дүниеге келмей бақ,
Келсең бірақ өлмей бақ.
(Қорқыт)
Менімен менікінің айырылғанын,
Өлді деп ат қойыпты өңшең білмес.
(Абай)

Жан менен тән өзгергенмен әр күйге,
Өмір-өлім тұтас ұғым, әрине.
ТІРІ БОЛУ ТІРЛІК КЕШУ ЕМЕС ОЛ,
"ӨЛГЕНДЕР КӨП" ӨМІР СҮРГЕН ПӘНИДЕ.

Келуің мен кетуіңнің тынысы
ІШІҢДЕ екен, сезсең соны дұрысы.
ӨМІР ДЕГЕН – ӨЗ АҚЫЛЫҢ, ӨЗ ОЙЫҢ,
ӨЛІМ СОНЫҢ АЗАБЫ МЕН ЖЕМІСІ.

Қабірменен қорқытады көр молла,
КӨРДІҢ ҚАШАН КӨЗ БІТЕДІ ОРНЫНА.
БАХИ МЕКЕН
ЖАН ЖАРАЛҒАН ЖЕРҰЙЫҚ,
Жерұйығын аңсамайтын ЕР бар ма.
Кеудеңдегі хикметпен ойлан шын
КІСІЛІКТІҢ КІЛТІН ТЫҒЫП
ҚОЙҒАН КІМ?
АДАМДАҒЫ АҚИҚАТТЫҢ ЖАУАБЫН...
Көрден іздеп
көрге айналған қайран «дін».

Жалқы өмірге жалғыз рет келгесін,
Жанның нұры
Жарқырасын сөнбесін....
Ажал мені алдап соқпақ
Тәйір-ай.....
Тапқан екен «өлтіретін» пендесін.

Ғазауаттың күресінде, ардағым,
Ойнайды ажал ішке бүгіп бармағын.
СОЛ ӨЛІМДІ ЖЕҢГЕНІМДЕ ЖАЗҒАН-АЙ
ДҮНИЯДА ЕШ...
БОЛМАС ЕДІ АРМАНЫМ.....


Санат: KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы | | 351
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

. .