Қазақша өлең: Олжас Сүлейменов (Арғымақ) » ZHARAR © 2016 | олжас сулейменов Арғымақ туралы олен Олжас Сүлейменов өлең стихи на казахском языке олжас сулейменов, олжас сулейменов олендери, Арғымақ, олжас сүлейменов арғымақ өлеңі




  • »

Қазақша өлең: Олжас Сүлейменов (Арғымақ)

Қазақша өлең: Олжас Сүлейменов (Арғымақ) казакша Қазақша өлең: Олжас Сүлейменов (Арғымақ) на казахском языке

Қыпшақтардың ой-хой құба жондары-ай,
Жер тарпыған тұлпарын айт, тұлпарын!
Шарайнадай сауырына қомдап ай,
Арғымақ жүр
Көк шалғынға-көк кілемге
Сүртіп мүйіз ұлтанын.
Берші менің тақымыма біреуін,
Жеті қиян жер түбіне асайын.
Арғымақтай аласұрған жүрегім
Оны қалай басамын.
Атылайын арғымақтың жалына,
Соңымда тек сақ-сақ күліп дос қалсын.
Балғын шалғын айналып көк жалынға
Нөкер болып артымда ақ шаң топтансын.
Шаппай тұлпар кісінеме атпын деп,
Шабайықшы шаң қондырмай етіне.
Шабайықшы көп жыл тыныш жаттың деп.
Момын қырдың былш-былш ұрып бетіне.


Санат: KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы | | 3 229
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:
. .