Қазақша өлең: Ақсұңқарұлы Серік (Мидағы сынақ) » ZHARAR © 2016 | серик аксункарулы Мидағы сынақ стихи на казахском языке серік ақсұңқарұлы олен өлең, серік ақсұңқарұлы өлеңдері, серік ақсұңқарұлының өлеңдер жинағы, стихи на казахском языке серик аксункарулы, серик аксункарулы олени өлең, Мидағы сынақ




  • »

Қазақша өлең: Ақсұңқарұлы Серік (Мидағы сынақ)

Қазақша өлең: Ақсұңқарұлы Серік (Мидағы сынақ) казакша Қазақша өлең: Ақсұңқарұлы Серік (Мидағы сынақ) на казахском языке

Ақ патша тақтан құлады,
Алашқа келіп Азаттық -
Мағжандарымды сынады -
«Халық жауы» деп - мазақ қып!

Таптарға, топқа бөлшектеп,
Ананы сүй деп, - мынаны -
Капитализмді көрсетпей,
Социализмін-сынады.

Мұнымен сынақ біткен жоқ,
Сынады қоймай түгімді:
Елтайлар шығып иттей боп,
Еліне қарсы жүгірді!

Ағаңмын десе,--досың да, -
Қазақтың бар ма күмәні.
Ермакты сынап осында
Колбинін қоса сынады.

Зұлмат дүние түнеріп,
Біз жаққа қарап тұрады.
Күшігін көкке жіберіп,
Жердің серігін сынады.

Замана тығырыққа тіреліп,
Сахара іштен тынады.
Миына Әзәзіл жіберіп,
Мұқағалидың басын сынады.

Сақылдап жер-көк сайтандай,
Солқылдап соғып сом жүрек,--
Қазақтың миы шайқалмай,
Ғаламат ойға шомды кеп:

«Сынадың. Ал не болды?!» - деп.


Санат: KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы | | 155
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

. .