Қазақша өлең: Нұрболат Жолдасбек » ZHARAR © 2016 | Нұрболат Жолдасбек өлең олен Нурболат Жолдасбек стихи на казахском, стихи на казахском языке , казакша олендер , қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно,




  • »

Қазақша өлең: Нұрболат Жолдасбек

Қазақша өлең: Нұрболат Жолдасбек казакша Қазақша өлең: Нұрболат Жолдасбек на казахском языке

Сіз – көркемсіз көктемдей кеше келген,
Һәм көркем есіміңіз.
Сіз ешқашан өтпейтін көшелерде,
күтіппін кешіріңіз.
Сіз – сәулесіз сезімдей түнектегі өр,
Һәм аппақ мүсініңіз.
Сіз ешқашан көрмеген жүрекпенен,
сүйіппін түсініңіз.
Сіз – өлеңсіз өлімдей өмірге тең,
Һәм нұрсыз қарашықта.
Сіз...сіз барсыз,сосын мен көңілденем,
мұңаям адасып қап.
Сіз – қиялсыз,сіз – пәксіз,сіз ұнайсыз,
қиялда мүсініңіз.
Мен пендемін...жердемін,сіз құдайсыз,
...құлайсыз түсініңіз.


Санат: KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы | | 258
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:
. .