Қазақша өлең: Әбділда Тәжібаев (Алтын ай) » ZHARAR © 2017 | әбділда тәжібаев Алтын ай өлең олен абдильда тажибаев стихи на казахском, әбділда тәжібаев өлеңдері , әбділда тәжібаевтың өлеңдері, әбділда




  • »

Қазақша өлең: Әбділда Тәжібаев (Алтын ай)

Қазақша өлең: Әбділда Тәжібаев (Алтын ай) казакша Қазақша өлең: Әбділда Тәжібаев (Алтын ай) на казахском языке

Терезеден тесіліп,
Қарасам сұлу далаға.
Айды көрем қалғыған
Ұсаған жас балаға.
Жастанғаны жұмсақ бұлт,
Жұмсартыпты жамбасын.
Жатыр жалқау бүркеніп,
Сүйіп ұйқы жолдасын.
Аш көзіңді, алтын ай,
Көміле берме ұйқыға!
Оятамын, қоймаймын,
Жатқызбаймын ұйқыда.
Бөлене бермей бесікке
Аш көзіңді, алтын ай!
Өлеңнен өрнек кестелеп,
Отырмын мен де ұйықтамай.
Ұйықтама, тыңда, алтын ай,
Айтайын қызық сырларды.
Сырласып сұлу далада
Күзетейік қырманды.
Аш көзіңді, алтын ай,
Көміле берме ұйқыға,
Оятамын, қоймаймын,
Жатқызбаймын ұйқыда.


Санат: KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы | | 1 600
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:

. .