Қазақша өлең: Әмірхан Балқыбек (Тау да ұйыған бұл сәтте) » ZHARAR © 2016 | әмірхан балқыбек тау өлең олен өлеңдері амирхан балкыбек все стихи на казахском, әмірхан балқыбек өлеңдері, әмірхан балқыбек шығармалары , амирхан балкыбек все стихи на казахском,




  • »

Қазақша өлең: Әмірхан Балқыбек (Тау да ұйыған бұл сәтте)

Қазақша өлең: Әмірхан Балқыбек (Тау да ұйыған бұл сәтте) казакша Қазақша өлең: Әмірхан Балқыбек (Тау да ұйыған бұл сәтте) на казахском языке

Тау да ұйыған бұл сәтте,
Аспан тұнып,
Жұлдыздарды сұсымен жасқандырып
Түнi бойы салданған салқын аяз,
Ұшып бара жатады тастан күлiп.

Қалаларға асығып мұнаралы,
Жел де тастап кетедi бұл араны.
Түнде жалғыз жылаған жапырақ қыз
Әлдененi үмiт қып жұбанады.

Бiр iзгi ойға
басқадан қалыс бекiп,
Көп опынған
болам деп әр iсте тiк,
Әкесi оның дiң-дi анау
ғұмыр бойы
Көлеңкесiнен көрмеген алыс кетiп.

Бұтағы оның балтаның сабына әлi
айналған жоқ, бар шығар бағы да әрi...
Жүрекке алып баратын сара жолдан
Мұндай сәтте мұң дағы жаңылады.

Ысты өкпеге ауасы iшпей дауа,
Мұндайда еске ештеңе түспейдi-ау-ә.
«Өңкей жалғыз, дүниенiң тұтастығын
«Сездiңдерме-ей?» - деймiн мен iштей ғана
«Бәрiңе ортақ ұзамай күн шығады».
1991 ж.


Санат: KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы | | 315
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

. .