Қазақша өлең: Абай Құнанбаев (Заман ақыр жастары) » ZHARAR © 2016 | абай құнанбаевтың Заман ақыр жастары стихи өлеңі, стихи абая кунанбаева на казахском языке , Қазақша өлең: Абай




  • »

Қазақша өлең: Абай Құнанбаев (Заман ақыр жастары)

Қазақша өлең: Абай Құнанбаев (Заман ақыр жастары) казакша Қазақша өлең: Абай Құнанбаев (Заман ақыр жастары) на казахском языке

Заман ақыр жастары,
Қосылмас ешбір бастары.
Біріне бірі қастыққа
Қойнына тыққан тастары.

Саудасы – ар мен иманы,
Қайрат жоқ бойын тыйғалы.
Еңбекпен етті ауыртпай,
Құр тілменен жиғаны.

Өнімсіз іске шеп-шебер,
Майданға түспей несі өнер?
Сиырша тойса мас болып,
Өреге келіп сүйкенер.

Күлмеңдеп келер көздері,
Қалжыңбас келер өздері.
Кекектеп секек етем деп,
Шошқа туар сөздері.


Санат: KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы | | 94 471
Рейтинг:
(голосов: 167)

.

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:
. .