Қазақша өлең: Естеу Нүсіпбеков (Қазақ жері) » ZHARAR © 2017 | естеу нүсіпбеков Қазақ жері өлең естеу нусипбеков олен стих, естеу нүсіпбеков өлеңдері, естеу нүсіпбеков өлең олен скачать, естеу нүсіпбеков все стихи на казахском языке естеу нусипбеков




  • »

Қазақша өлең: Естеу Нүсіпбеков (Қазақ жері)

Қазақша өлең: Естеу Нүсіпбеков (Қазақ жері) казакша Қазақша өлең: Естеу Нүсіпбеков (Қазақ жері) на казахском языке

Қайғы артқан Қазақ Жері!
Шыдамдысың.
Жатқа сыр алдырмайсың —
Мың аңдысын.
Шарқ ұрып шүйіледі аспанында,
Тас түлек перзенттерің қыран мүсін.

Қайыспас Қазақ Жері!
Қастерлісің.
Қызырлы, құтты, ырысты ас бергішім.
Кемелді ұл, керім қыздан әзірлейсің,
Кешенді кен орныңның тас көргішін.

Байсың сен: астың да алтын, үстің де алтын,
Білмейсің бөлектеуді ұлтын, халқын.
Иігіп емшегіңді сауған жанға,
Исінбей иіп беру — ұстар салтың.

Байтақсың: ұлан-ғайыр өзен, тауың.
Артады «түйемойнақ», айтсаң сауын.
Жетеді жетіде әрең Батысыңа,
Нөсерлеп шығысыңнан шыққан жауын.

Ғажапсың: қыз-қыз қойның, кең құшағың,
Төндірді сұқ көздерді өңді шағың.
Ағызып ауызсуын талайлардың,
Қызығын түсте көрген өң құсадың.

Дарқансып: астық шаштың оңға, солға,
Мәз болдың миллиард пұт өнген жонға.
Қаймақты қалқып бердің қазаныңнан,
Төріңде тәлімсіген басқа Зорға.

Мырзасып: дәмдіңді ұстап жора таптың,
Алқалап: ат мінгізіп, шапан жаптың.
Ойыңда олжа үлесіп ұлықпенен,
Қырыңда қаптай өрген малың бақтың.

Қалаңда қаңсып-ақ тұр көп құрылыс,
Сау емес ешбір көше, еш бұрылыс.
Қаншама қаржы пұлды қақшып соққан,
Сайдан із таптырмайды еш Ыбылыс.

Мал сиреп: тусырадың сыртың түлеп,
Тозып тұр атыз, арық сусыз жүдеп.
Тозып тұр мол техника бөлшек затсыз,
Қарт диқан қолынан да түсті күрек.

Полигон деген Тажал жеті басты,
Бойыңды улап, ұйпап апат шашты.
Ұйтылдың жарты ғасыр,
Тәнің жара,
Тірліктің үстіңдегі сұрқы қашты.

Олжа сол: соғыс өрті сенен аулақ,
Қайнады базар нарық, сауда саулап.
Тер төгіп сені өңдейтін жастың көбін,
Әкетті жеңіл олжа оңай баурап.

Қарт ана!
Төзімдісің, қың демейсің.
Қас-қабақ бақтырасың,
Үндемейсің.
Түсінем қабағыңнан айтпағыңды:
Шүңетсің, теңіз түпті телегейсің.

Бойыңа тер сіңуін ұнатасың.
Тер төксе —
Жарылқайсың мың атасын.
Төріне түнетесің Қызырды әкеп,
Басына Бақ орнатып қуантасың.

Сарғайып көндіккенсің күтуге ұзақ,
Қашанда қарсы аласың жайып құшақ.
Айтады қаққан қасың әр ұрпаққа:
- Ертте, — деп, — еңбекке атты, қоймай тұсап.

Ымдайсың қабақпен де әр қазаққа,
Дегенді: жанымды енді салма азапқа.
Дегенді: борышыңды ада ет жөндеп,
Жатқа қол жаймау үшін болашақта!


Санат: KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы | | 767
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:
. .