Естеу Нүсіпбеков (Ақ сорпа ат құйғытқан нөпір көкпар)

 Естеу Нүсіпбеков (Ақ сорпа ат құйғытқан нөпір көкпар)

Ақ сорпа ат құйғытқан нөпір көкпар.
Аз да емес ақ тер, көк тер топырлақтар…
Не сойы сайгүліктің, салбілектің
Осында созылтуда бұлшық ет, қар.

Серкені өңгерген кім тайталаста ?
Қарт салтаң шетте оны байқамас та…
Тақымгер, тартыскерлер өз ісімен.
Шара жоқ қартқа басын шайқамасқа…

Шыдамай көп күшіне, серке барша,
Боп шықты борбай борша, қабырға арса.
Әр борша әр жұлқыған қолда кетті,
Құмардан шығады күш сыбаға алса…

Кешікпей көкпар қызық кетті тарап.
Салтаң қарт жалғыз қалды қырға қарап.
Қозы іші маңырады, жамырады,
Бармағы дір-дір қақты таспих санап.

Ада етіп селдей, сеңдей тасқын шағын,
Ұшырды көзден пыр-пыр жастық шағын.
Сезінді өзін тозған ескі заттай,
Тасталған күресінге тас, құм, шағыл…

Азынап боз айғыры жер тарпыды,
Қапа боп қайтқанына ер қарқыны.
Шығарды желін түгел көрік кеуде,
Дәмеден босады әбден енді алқымы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?