Қазақша өлең: Естеу Нүсіпбеков (Көкпар) » ZHARAR © 2017 | көкпар туралы өлеңдер , көкпар туралы өлең, естеу нүсіпбеков Көкпар өлең естеу нусипбеков олен стих, естеу нүсіпбеков өлеңдері, естеу нүсіпбеков өлең олен скачать, естеу нүсіпбеков все стихи на казахском языке естеу нусипбеков




  • »

Қазақша өлең: Естеу Нүсіпбеков (Көкпар)

Қазақша өлең: Естеу Нүсіпбеков (Көкпар) казакша Қазақша өлең: Естеу Нүсіпбеков (Көкпар) на казахском языке

Көкпар — сын, күш сынайтын, ат сынайтын.
Ат таңдап жаратардай бап сынайтын.
Жеңсігі басылмаған бақ сынайтын
Ер-тұрман, қос үзеңгі,шылбыр-тізгін
Сай ма деп ат шөгелсе апшылмайтын.

Көкпар — сын, күш жеткен кұл тартып алар,
Арқалы шын көкпаршы қарқын алар.
Арқадан ащы терді сарқып алар.
Білектің, тақымның да аттың күшін
Көрсету — тақым көкпар шарты болар.

Түседі сынға мұнда жігіттерің,
Қамшылап ер қайратты үміттерін.
Бұлшық ет бұтта, қолда бұлтылдатып,
Сынайды зілмәуір зор жіліктерін.

Ат үсті тұруға нық ер шегінбей,
Төс тартпа, өмілдірік зор сенімдей.
Күш, қайрат, тік көз намыс, амал-айла
Қалмайды мұнда мүлтсіз өлшенілмей.

Түседі көк илеуге сан етің де,
Талқыда пісірілген көн терідей.
Аттың сауыр, сербегі о да иленер,
Түйенің қос тізе қап көнтегіндей.

Көкпар — сын, күшпен қоса намыс қайрар.
Қалдырмай қалжаққа ессіз қағыс жайлар.
Бермейді мұрсат саған түтін сорар,
Бермейді мезет саған сағыз шайнар.

Көкпарда әлі ешкімнің сынбай сағы,
Қызығы — лақ тақымға батқан шағы.
Сіресіп төрт қол, төрт сан қатқан шағы.
Тып-тыншу ышқыныстан басқа дыбыс,
Бар көкпар қос аттыны баққан шағы.

Тақымшы екі сойдың жақтастары,
Айдаушы, жетекші орын тапқан шағы.
Екі жақ қақ бөлініп, мақтангөйлер
Бір-бірін зәрлі әзілмен шаққан шағы.

Бұл шақ па? Бұл шақ – нағыз теке тірес.
Сын, намыс арасында қызған күрес.
Жер бетін сойдақ-сойдақ жыртып жатар,
Көк шойын тұяқтармен ірес, шірес.
Қыл үстінде дір қағып теке тірес.

Желігі аз жетелеуші желім сағыз,
Арт жақта болса айдаушы ерің нағыз.
Айласы ақылынан қарыс озып,
Жасайды білгір болжам болып абыз.

Матқапы қарсы жақтың көздеп сәтін,
Сауырлап тақымшының демесе атын.
Серпіліп серпін аунап қыл үстінен,
Ауады лып деп саған көкпар затың.

Сол шақта айдаушы аты омыраулап,
Жымырып қос құлағын дабыра аулап,
Шөгелдің санын тіреп кеудесімен
Салса иек сербегінен тартушы аттың,
Сырт жақтан ауылдастар және ұрандап…

Сурылып шығар бері көкпар сусып,
Тартушы ат осы тұста кетсін ыршып,
Ұшқыр ат соны күткен сып берер де,
Тартушы ат қала барар термен быршып…

Көңілдің зәуірі – бұл, ат ойнатқан.
Ат күшін, жігіт күшін атойлатқан.
Қалыпты ескі Тұран заманынан,
Жылқы айдап, інген сауып, бота ойнатқан.

Тартады тәжік және барша түрік,
Аңдатып кесек қимыл өңкей ірік.
Ақындар айтысына жүгіргендей,
Жүріңдер дегдар іске құлақ түріп.

Боз бала, ер-тұрманың, затың қайда?
Сәйгүлік – ер қанаты, атың қайда?
Жаяулық – ердің соры, сенің сорың,
Ауылда жаяу жүрме, атың сайла.

Жігітім, жігітке сай сайланып жүр,
Бойыңа бес қаруың байланып жүр,
Бейғамдық жараспайды үйде, түзде,
Әр қаупін заманыңның ойланып жүр.


Санат: KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы | | 2 220
Рейтинг:
(голосов: 2)

.

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:

. .