Естеу Нүсіпбеков (Амандасу)

 Естеу Нүсіпбеков (Амандасу)

Жаз. Дала. Бетегелі үйдің қасы.
Көк бурыл желкілдейді шидің басы.
Жантайған сары жоңышқа құшақ жайса,
Құлын кекіл сусиды жусан шашы.

Су жақта-балалар мәз жайраңдасып,
Ат болып, атан болып тайраңдасып.
Сағынып-қарлығаш та қалғьн болар,
Аймалап, жүр төбемде амандасып.

Ақ қоймен сән түзеген дала керім,
Боз қасқа селеу шашын тарап көрім.
Әлгінде ер тоқым сап қаңтарылған,
Мамада тықыршиды Қарагерім.

Тұсаулы жирен құнан шапшуырлап,
Ерлі атқа келе жатыр жақсы ырымдап.
Үйіршіл, туысқаншыл нышанымен
Жетті иек кемеңдетіп, шақ тынымдап.

Қараймын ақ қой толы төңерекке,
Басылып көзіме оттай кебелек те.
Ойлаймын ішімнен мен:»Сағынған ел
Мені енді жаратасың не керекке»

Ой бөліп, ту сыртымнан басқа үн шықты,
Бір кемпір таяп қапты ақ күндікті.
«Өрден келген құлыным осы ма?»- деп,
Ақ көңіл аман-саулық саф құйғытты.

Үй жаққа қайта оралдым, бет сүйгізіп,
Жөн сұрау қайта өрбіді, кетті үй қызып.
Келгенді, келетінді, жұрат-текті,
Бір-бірлеп біліп жатыр, көп білгізіп.

Тұс-тұстан жамырайды сұрақ қойып,
Бірде сөз маған беріп, бірде ап қойып.
Шежіре шеттерінен, шерткен ақын,
Көрмеген туыс жырын жырлап тойып.

Жүрегін қолына ұстап бәрі де отыр,
Көңілі мен білгеннен әріде отыр.
Ой-қырын іш-сыртыңның түгел шолған,
Секілді жас- қалың қол, кәрі- нөпір.

Аз емес амандасу дел осылай,
Қонақтап талай уйде қалғасың жай.
Асыға шай ішсең де, түстенсең де,
Шақырған шал малдасын санайсың қай?

Кейіне кезек тимей, жай барасың,
Сонда да көңіл төрге жайланасың.
Жанымен, дәмімен де риза еткен
Еліңнің ықыласынан айналасың.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!