» » » Өлең: Жұмағали Саин (Бұлақ сыры)

Өлең: Жұмағали Саин (Бұлақ сыры)

Өлең: Жұмағали Саин (Бұлақ сыры) казакша Өлең: Жұмағали Саин (Бұлақ сыры) на казахском языке
Қырдан төмен ойнақшып,
Ағып жатты бір бұлақ.
Ағып жатты бір бұлақ,
Күле, жырлап, сылдырап.
Сыңқылдайды, күледі,
Тағаты жоқ, сабырсыз.
Тағаты жоқ, сабырсыз,
Тіл қатады дамылсыз...
Жарысады өзді-өзі,
Жүгіреді зымырап.
Жүгіреді жамырап,
Ағын суға шығып ап...
Басылғандай желігі,
Кейде тына қалады,
Кейде тына қалады,
Үнсіз... ойға салады.
Жағасында тұрам мен
Қызығамын тіліне,
Қызығамын тіліне.
Үн қосамын үніне.
Лүпілдейді жүрегім,
Бұзам ба деп жырларын.
Бұзам ба деп жырларын,
Жасырар деп сырларын.
Жасырмады су сырын:
Ғажап!.. Маған тіл қатты,
Маған рас тіл қатты,
Маған сөзін тыңдатты:
«Тұрсың ба, адам, таңырқан
Барады деп бұл қайда?
Мен барамын қырманға,—
Мен ғашықпын бидайға...»
Зыр жүгірді, асықты,
Қалам ба деп кешігіп,
Бағып сырттан ғашықты.
Қарап тұрдым тесіліп
Тұр ғой күтіп ғашығы,
Алтын шашақ жамылып,
Бұлақ тартты асығып,
Сүйген жарын сағынып!
* * *
Ауыр, ұзақ жолдар өттім тамаша!
Кейде еске алып қуанамын балаша.
Ұлыңмын мен —
Анам Қазақстаным!
Зәулім қала, кішкене үйлер қараша.
Жұмыскермін,
Солдатыңмын,
Құлыңмын,
Бақта өсірсең көрік болар гүліңмін.
Жыр, думанда ақыныңмын — тіліңмін,
Жайшылықта өздеріңнің біріңмін.
* * *
— Сүйем,— дейсің, қалай ғана сенемін!
Не жазамын, не деп жауап беремін!
Күт сарғая, сағынышпен күт мені!
Жыл келеді, мен де айналып келемін.
Қысқа жауап. Әр сөздері салмақты,
Бәрі орынды, айтар жауап қалмапты.
Күдік пенен сүйіспендік жолдарын
Қос жұмбақтай маған сәулем арнапты.
Сәуле жаным!
Күдігіңді таста?!
Мен сенікі.
Жетелеші, басташы?!
Жылдар келсін, келсін менің тәңірім!
Үрлей түссін жүрегімнің жалынын...
* * *
Күлсаражан, Күлсара!
Жүрек жара, жан жара...
Өтті бір сәт тар ғана.
Тілден шықты зар ғана.
Енді сырға қанып кет!
Жүрегімді алып кет!

nurgul95 | 29 |


Комментарии для сайта Cackle

Рекомендуем:
"Орысша сөйлейді, намазхан азамат": Индира Расылхан күйеуін сынағандарға жауап берді
"Орысша сөйлейді, намазхан азамат": Индира Расылхан күйеуін сынағандарға жауап берді
"Тым біртүрлі": Ләйлә Сұлтанқызы ұлының соңғы қоңырауы қалай өткенін айтты (фото)
"Тым біртүрлі": Ләйлә Сұлтанқызы ұлының соңғы қоңырауы қалай өткенін айтты (фото)
"Жанымдағыларға қиын": Мадина Сәдуақасова мінезінің жаман жақтарын жайып салды
"Жанымдағыларға қиын": Мадина Сәдуақасова мінезінің жаман жақтарын жайып салды
"Карантинге жатқызамын": Желіде дәрігердің көлік жүргізушісін "қорқытқан" сәті тарады
"Карантинге жатқызамын": Желіде дәрігердің көлік жүргізушісін "қорқытқан" сәті тарады
Өлең: Жұмағали Саин (Өткен жазда)
Өлең: Жұмағали Саин (Өткен жазда)
Өлең: Жұмағали Саин (Екі жалын бір жүректе маздаған)
Өлең: Жұмағали Саин (Екі жалын бір жүректе маздаған)
Өлең: Жұмағали Саин (Ойласам бала кезімді)
Өлең: Жұмағали Саин (Ойласам бала кезімді)
Өлең: Жұмағали Саин (Жаңбырлы күні)
Өлең: Жұмағали Саин (Жаңбырлы күні)
Өлең: Жұмағали Саин (Туғанмын бақыт нұрында)
Өлең: Жұмағали Саин (Туғанмын бақыт нұрында)
Өлең: Жұмағали Саин (Өмір қызық, тұрмыс шат)
Өлең: Жұмағали Саин (Өмір қызық, тұрмыс шат)
Өлең: Жұмағали Саин (Мөлдір бұлақ)
Өлең: Жұмағали Саин (Мөлдір бұлақ)
Өлең: Жұмағали Саин (Жазғы сурет)
Өлең: Жұмағали Саин (Жазғы сурет)
Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Тыңдалған шығарма бойынша пікір білдіру «Жайық  пен Ертіс» Ескен Елубай  (4 сынып, I тоқсан)
Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Тыңдалған шығарма бойынша пікір білдіру «Жайық пен Ертіс» Ескен Елубай (4 сынып, I тоқсан)
Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Тыңдалған шығарма бойынша пікір білдіру «Жайық  пен Ертіс» Ескен Елубай  (3 сынып, IV тоқсан)
Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Тыңдалған шығарма бойынша пікір білдіру «Жайық пен Ертіс» Ескен Елубай (3 сынып, IV тоқсан)
Өлең: Қалижан Бекқожин (Бақташы достары)
Өлең: Қалижан Бекқожин (Бақташы достары)
Өлең: Мұқағали Мақатаев (Ұям менің)
Өлең: Мұқағали Мақатаев (Ұям менің)
Өлең: Мұқағали Мақатаев (Самал есті)
Өлең: Мұқағали Мақатаев (Самал есті)
Өлең: Туған өлкем
Өлең: Туған өлкем
Қазақша өлең: Тұманбай Молдағалиев (Азайып бара жатыр біздің бұлақ)
Қазақша өлең: Тұманбай Молдағалиев (Азайып бара жатыр біздің бұлақ)
Қазақша өлең: Тұманбай Молдағалиев (Өмір маған...)
Қазақша өлең: Тұманбай Молдағалиев (Өмір маған...)

KZ / Өлеңдер жинағы, жұмағали саин сайын Бұлақ сыры өлең стихи на казахском жумагали саин казакша олен, жұмағали саин сайын өлеңдері шығармашылығы, жумагали саин стихи на казахском языке, жумагали саин олендери шыгармашылыгы, Бұлақ сыры, жұмағали саин сайын Бұлақ сыры өлең стихи на казахском жумагали саин казакша олен жұмағали саин сайын өлеңдері шығармашылығы жумагали саин стихи на казахском языке жумагали саин олендери шыгармашылыгы Бұлақ сыры, Өлең: Жұмағали Саин (Бұлақ сыры) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке