» » » Өлең: Арман Сәбитбекұлы (Атамен тәжікелесу)

Өлең: Арман Сәбитбекұлы (Атамен тәжікелесу)

Өлең: Арман Сәбитбекұлы (Атамен тәжікелесу) казакша Өлең: Арман Сәбитбекұлы (Атамен тәжікелесу) на казахском языке
Майдангер Ата,соғыста болдың қанқұйлы,
Шайқасқа түсіп,сұмдықты көрдің сан қилы.
Неліктен Ата,не үшін сонда боздақтар,
Аянбай шауып,ажалын тауып жан қиды?..

Қартайдыңдар-ау,қызығымен ебіл – себілдің,
«Ура!»- дан басқа кезінде Ата, не білдің?
Бір күнгі қызық шел болып көзді басқанда,
Мыңдаған күнге белгісіз ғана шегіндің.

Ал енді, міне,заманда тұрмыз неғайбіл,
Қалтырап тұрсыз,сізде де жоқ-ау еш айбын,
Ерлігі үшін елірген ерге, ертерек-
Бергені ме екен,құдіретті күшті құдайдың?

Ойлашы Ата,«Көгерді» бүгін көз неге?
Имансыз ұрпақ өсірдің сеніп өзгеге.
Мәңгүрттік басып,айрылып тілден немерең,
Салиқа-сара далада қалды сөз неге?


Ғасырды жаңа жасайды сенен туғандар,
Булығып бүгін асаудай болып тулаңдар.
Бас иіп бәрібір мүләйім күйге түсерсің,
Желбіремесе, жығылып қалған туың – Ар.

Түсінші Aта, ойымның шалқар – шамасын,
Мойындаймын ғой, дария-дархан данасың.
Тілегім жалғыз.Жалғасып ұрпақ жатқанда,
Шалдар да керек,шатастырмайтын санасын!

Автор: ZHARAR | 20 |



Загрузка...

KZ / Қазақша Өлеңдер жинағы, Арман Сәбитбекұлы Атамен тәжікелесу туралы олен өлең, Арман Сәбитбекұлы өлеңдері, арман сабитбекулы олендери, стихи на казахском арман сабитбекулы, Атамен тәжікелесу, Арман Сәбитбекұлы Атамен тәжікелесу туралы олен өлең Арман Сәбитбекұлы өлеңдері арман сабитбекулы олендери стихи на казахском арман сабитбекулы Атамен тәжікелесу, Өлең: Арман Сәбитбекұлы (Атамен тәжікелесу) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке