» » » Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Хайуан мен ақымақтар)

Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Хайуан мен ақымақтар)

Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Хайуан мен ақымақтар) казакша Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Хайуан мен ақымақтар) на казахском языке
Бір Құдай неше түрлі жан жаратты,
Не үлкен, не кішкентай тән жаратты.
Керексіз, жансыз нәрсе жаратқан жоқ,
Есепсіз қанша мың мен сан жаратты.

Бұл сөзге біреу мәңгүр, біреу нанды,
Ақылмен білген адам әбден қанды.
Жел мен су, тас, топырақ, шөп пен ағаш,
Ғаламда не бар болса, бәрі – жанды.

Өледі кейбіреуі қаза жетіп,
Кесесің, бүлдіресің бір нәрсе етіп.
О да өлі, бұ да өлі деп адыраймай,
Көзіңді байқап қара төмендетіп.

Қарасаң, көрінбей ме таста қына,
Оны кім сүйтіп қойды, ойла да ұна.
Шөп қураса, тамыры қурамайды,
Сондайлармен дүниенің бәрін сына.

Бірақ, жанның әлдісі, әлсізі бар,
Кейі дәнді, кейінің дәнсізі бар.
Дәндісінде өсім бар, үлкеймек бар,
Оның да дәмдісі бар, дәмсізі бар.

Өсімді, ең күшті жан адамда тұр,
Алдында жақсы да тұр, жаман да тұр.
Өзгенің бәрі – жалғыз адам үшін,
Жаралып орны-орнымен ғалам да тұр.

Несін сүй, несін сүйме, ерік өзіңде,
Нәпсің де, ақылың да тұр көзіңде.
Сынау үшін жаратқан бір Иең бар,
Тексерілмей қалмайсың бір кезіңде.

Хайуандар ақылы аздау, бізден төмен,
Айласы бірдей емес адамменен.
Шөп пен ағаш, суларды өлі дейміз,
Білім жоқ, сезімі жоқ ештемеден.

Ал енді осы сөзді мұтпай сақта,
Керекті бір іс келер артқы жақта.
Ақымақ пен хайуанның қайсысы артық –
Білінер салыстырып байқасақ та.

Таппай қылған хайуандық –жатқан өлі,
Осы болды тегінде сөздің жөні.
Кейінгі сөздерімнен байқап отыр,
Адамзат қыла ма екен, тегі, соны?

Жалқаулық, көрсеқызар, ашу, мақтан,
Арамдық, өтіріктен ерте сақтан.
Күні бұрын жуытпа маңайыңа –
Есер, есірік, ынжықтық солар жақтан.

Еріншектің несі артық өліктен де,
Өзің сына оларды көріп кел де.
Байқарсың еріншектің төмендігін,
Көп мініп шабан тартқан көліктен де.

Хайуаннан несі артық қудың-дағы,
Бір антұрған залалкес тудың-дағы.
Қораға үрмес бір төбет, тышқан аңдып,
Адамдықты сонымен жудың-дағы.

Мақтаншақтың бұқадан артық жері –
Бұқа қойса, қоймайды біздің сері.
Жуан мойын, ала көз, мүйізі алай,
«Менен артық кім бар» деп жүргендері.

Көрсеқызар маймылдан ілгері ме,
Түбін көрмей қызықпақ білгені ме?
Адам қайтсе, сүйтемін дейді маймыл,
Мен де маймыл болам деп жүргені ме?

Ызақорды байқалық енді мақтап,
Қабатұғын төбетпен бір салмақтап:
Кей төбеттен жеңіліп, кейде жеңіп,
Әбден көзі қызарсын арсалақтап.

Бет түзетіп сәндегіш әтеш болсын,
Қоқиып, қодырайып, ұшып-қонсын.
Іш түземей, сыланып сыртын түзеп,
Тауықтың айғыры бол, бейне солсың.

Жоғарғы мұтпа деген сөзім бар ғой,
Байқайсың ба, ақыл, ой, көзің бар ғой?
Қылығына қара да сөзімді ойла,
Бұларға бір жолығар кезің бар ғой

Автор: nurgul95 | 142 |


Комментарии для сайта Cackle

Загрузка...
Рекомендуем:
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Шын асықтың әрбірі)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Шын асықтың әрбірі)
Әңгіме:  Ыбырай Алтынсарин | Лұқпан әкім
Әңгімелер жинағы
Әңгіме: Ыбырай Алтынсарин | Лұқпан әкім
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Тәңірі мен жан)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Тәңірі мен жан)
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Мақтау мен сөгіс)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Мақтау мен сөгіс)
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Жуандар)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Жуандар)
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Сәнқойлар)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Сәнқойлар)
Қазақша өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Бай мен кедей)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Бай мен кедей)
Қазақша өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Ақыл құсы адаспай аспандаса...)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Ақыл құсы адаспай аспандаса...)
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Бейіс дозақ молда айтқан сияқты емес...)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Бейіс дозақ молда айтқан сияқты емес...)
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Кетті келді)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Кетті келді)
Өлең: Мінсіз біздің мінезіміз
Өлеңдер жинағы
Өлең: Мінсіз біздің мінезіміз
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Тау басындағы ой)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Тау басындағы ой)
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Күн – атам анық жер – анам)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Күн – атам анық жер – анам)
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Шыннан өзге Құдай жоқ)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Шыннан өзге Құдай жоқ)
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Бас көзімен қарасаң нәпсі – жалған...)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Бас көзімен қарасаң нәпсі – жалған...)
Өлең: Мұқағали Мақатаев (Сыр)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Мұқағали Мақатаев (Сыр)

KZ / Өлеңдер жинағы, шәкәрім құдайбердіұлы Хайуан мен ақымақтар өлең стихи на казахском шакарим кудайбердиулы олен казакша, шәкәрім құдайбердіұлы өлеңдері, шакарим кудайбердиулы олендери, шакарим кудайбердиулы стихи на казахском, Хайуан мен ақымақтар, шәкәрім құдайбердіұлы Хайуан мен ақымақтар өлең стихи на казахском шакарим кудайбердиулы олен казакша шәкәрім құдайбердіұлы өлеңдері шакарим кудайбердиулы олендери шакарим кудайбердиулы стихи на казахском Хайуан мен ақымақтар, Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Хайуан мен ақымақтар) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке