» » » Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Тәңірі мен жан)

Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Тәңірі мен жан)

Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Тәңірі мен жан) казакша Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Тәңірі мен жан) на казахском языке
Күн аязда терезеге
Неше түрлі гүл түсер.
Мұнша әдемі түсті неге
Кім түсірді?- Ой жібер.
Нысабыңмен ойласаң сен,
Істей алмас оны адам.
Ең адамның шеберінен
Соны салған жан шебер.
Сипатын көр тосып ал да,
Жапалақтап жауса қар.
Таза тексер көзді сал да,
Қандай оның түрі бар?
Таң қаларсың, ойға салсаң,
Қар жасаған шытырасын.
Жаралыстан ғибрат алсаң,
Болар едің ойқұмар.
Неше түрлі гүл, жапырақ,..
Әрбіреуін қолыңа ал.
Құры көрігп қойма бірақ,
Онда не бар ойға сал.
Түсі қандай, түрі қандай,
Тамыры бар неше тал.
Тесе қара, тексере алмай
Ұқпадым деп айтпа жал.
Өлсе өсімдік, тіріледі,
Күн жылынып, тамса су.
Кейі тамақ, кейі шарап,
Кейі дәру, кейі у.
Тән - терезе, ой қожасы,
Оймен анық байқасаң.
Бар ғылымның түп атасы -
Таза ақыл мен ойлану.
Тағы бір шөп ортасында,
Тіпті, тәтті балы бар.
Тарауының ең басында,
Өткір ине талы бар.
Балға қонса бір шыбын кеп,
Шаншылады инелер.
Қылды қорек шыбын шөп жеп,
Таң қаларлық хал бар.
Зор мұхиттың дариясының
Ең түбінде бар балық.
Денесінде сол балықтың,
Бір нұры бар жап-жарық.
Сол жарықтың арқасымен
Тамақ аулап күн көрер.
Оқы ғылым, нанбасаң сен,
Жалған емес, бұл анық.
Сиқырына таң қалатын
Тас бар, аты - магнит.
Темір оған құл болатын,
Бар осындай қасиет...
Магниттің қуаты еді
Қыбылнама дегенің.
Терең оймен тексереді,
Табады ақыл керемет.
Мына маржан - судан өскен
Тал сияқты, жануар.
Адам еді оны кескен,
Тағы өсетін жаны бар.
Тіпті кетпес еш жоғалып,
Байқасаңыз, барша жан.
Тағы дене тауып алып,
Тағы өседі қайтадан.
Түрлі жанда дене түрлеп,
Өзгеріп тұр бұл ғалам.
Жоғалатын нәрсе жоқ деп,
Айтты ғылым байқаған.
Көзге сеніп, ойға сенбей,
Жанды жоқ деп қаңғырып,
Адасып жүр ақты көрмей,
Көнді соқыр көп надан.
«Ана сансыз кереметті
Кім жаратса,- тәңірі сол!»-
Десе нетті, қойса бетті,
Хақиқатқа жайнаған.
Шала дін мен қате пәннің
Сөзіне ерме, маған ер.
Міне жаның, міне тәңірің,
Міне дінің, міне иман

Автор: nurgul95 | 450 |


Комментарии для сайта Cackle

Загрузка...
Рекомендуем:
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Хайуан мен ақымақтар)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Хайуан мен ақымақтар)
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Шын бақ қайсы? Күншіл кім?)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Шын бақ қайсы? Күншіл кім?)
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Қайтқан шал)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Қайтқан шал)
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Ойдан шығарылған бар түрлі әндерім)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Ойдан шығарылған бар түрлі әндерім)
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Міндеу мен күндеу)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Міндеу мен күндеу)
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Мен адамның таппаймын өнерлісін)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Мен адамның таппаймын өнерлісін)
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Алты әңгіме)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Алты әңгіме)
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Күн – атам анық жер – анам)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Күн – атам анық жер – анам)
Өлең: Түн неге?
Өлеңдер жинағы
Өлең: Түн неге?
Қазақша өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Иманым)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Иманым)
Қазақша өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Жер жүзіне қарасам...)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Жер жүзіне қарасам...)
Қазақша өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Ақылдан ойға сыр тарап...)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Ақылдан ойға сыр тарап...)
Қазақша өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Бір Аллаға сыйынған адам өлмес...)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Бір Аллаға сыйынған адам өлмес...)
Қазақша өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Ақыл деген өлшеусіз бір жарық нұр...)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Ақыл деген өлшеусіз бір жарық нұр...)
Қазақша өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Атаның шаһуатының көп қой мәні...)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Атаның шаһуатының көп қой мәні...)
Қазақша өлең: Абай Құнанбаев (Жүрегім менің қырық жамау)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Абай Құнанбаев (Жүрегім менің қырық жамау)

KZ / Өлеңдер жинағы, шәкәрім құдайбердіұлы Тәңірі мен жан өлең стихи на казахском шакарим кудайбердиулы олен казакша, шәкәрім құдайбердіұлы өлеңдері, шакарим кудайбердиулы олендери, шакарим кудайбердиулы стихи на казахском, Тәңірі мен жан, шәкәрім құдайбердіұлы Тәңірі мен жан өлең стихи на казахском шакарим кудайбердиулы олен казакша шәкәрім құдайбердіұлы өлеңдері шакарим кудайбердиулы олендери шакарим кудайбердиулы стихи на казахском Тәңірі мен жан, Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Тәңірі мен жан) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке