» » » Қазақша өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Иманым)

Қазақша өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Иманым)

Қазақша өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Иманым) казакша Қазақша өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Иманым) на казахском языке
Қырықтан соңғы иманым,
Отыз жылдай жиғаным,
Көп ғалымның сөзiнiң
Ақылға алдым сыйғанын.

Молдалардың әдiсiн,
Пайғамбардан хадисiн,
Әулиелiк жадысын –
Алмадым ақыл тыйғанын.

Айтса да қандай ғалым зат,
Дәлелсiз болса, бәрi – оғат.
Даусыз таза хақиқат,
Жолында жанды қиғаным.

Үйретсем иман адамға,
Әлiмге, мейлi наданға,
Қолы жүйрiк, көзi өткiр,
Көңiлi соқыр шабанға.

Түзетсем оның тiлегiн,
Тiрiлтiп өлген сүйегiн,
Жұлып алсам жүрегiн,
Кеудесiн басып табанға.

Айқын аққа сенбейдi,
Терiс деп дәлел бермейдi,
Көкейiне енбейдi,
Құлағына құйғаным.

Бiлмеймiн деген иман ба,
Ол ақылға сыйған ба,
Айтудан ақыл тиған ба,
Жасырады иманын.

Философ сөзiн оқыдым,
Талайын ойға тоқыдым,
Кiтабын да көргемiн,
Әулие мен сопының.

Бәрiн де сынға саламын,
Керектiсiн аламын,
Ашып алып тастадым,
Таз басының қотырын.

Саяз ақыл бас ұрған,
Мақтауын көктен асырған,
Жаба тоқып жасырған,
Талайдың жардым шиқанын.

Ақылдан адас қалмайым,
Дәлелсiз сөздi алмайым,
Бос жетекке бармайым,
Көтермеймiн қиқаңын.

Күн аязда терезеге,
Неше түрлi гүл түсер.
Сонша әдемi түстi неге,
Кiм түсiрдi, ой жiбер.

Нысабыңмен ойласаң сен,
Iстей алмас оны адам.
Ең адамның шеберiнен,
Соны салған жан шебер.

Сипатын көр, тосып ал да,
Жапалақтап жауса қар.
Таза тексер, көздi сал да,
Қандай оның түрi бар.

Таң қаларсың ойға салсаң,
Қар жасаған шытырасын.
Жаралыстан ғибрат алсаң,
Болар едiң ой құмар.

Неше түрлi гүл, жапырақ,
Әрбiреуiн қолыңа ал.
Құры көрiп, қойма бiрақ,
Онда не бар, ойға сал.

Түсi қандай, түрi қандай,
Тамыры бар неше тал.
Тесе қарап, тексере алмай,
Ұқпадым деп айтпа жал.

Өлсе өсiмдiк, тiрiледi,
Күн жылытып, тамса су.
Кейi – тамақ, кейi – дәрi,
Кейi – арақ, кейi – у.

Тән – терезе, ой қожасы,
Ойлап анық байқасаң.
Бар ғылымның түп атасы –
Таза ақылмен ойлану.

Зор мұхиттың дариясының,
Ең түбiнде бар балық.
Денесiнде сол балықтың,
Бiр нұры бар жап-жарық.

Сол жарықтың арқасымен,
Азық аулап күн көрер.
Оқы ғылым, нанбасаң сен,
Жалған емес, бұл анық.

Тағы бiр шөп ортасында,
Тiптi тәттi балы бар.
Тарауының ең басында,
Өткiр ине талы бар.

Балға қонса бiр шыбын кеп,
Шаншылады инелер.
Қылды қорек шөп шыбын жеп,
Таңырқарлық жайы бар.

Сиқырына таң қалатын,
Тас бар, аты – магнит.
Темiр оған құл болатын,
Бар осындай қасиет.

Магниттiң қуаты едi,
Қыбыланама дегенiң.
Терең оймен тексередi,
Табады ақыл керемет.

Мына маржан судан өскен,
Тал сияқты жануар.
Адам едi оны кескен,
Тағы өсетiн жаны бар.

Тiптi кетпес, шын жоғалып,
Байқасаңыз, барша жан.
Тағы дене тауып алып,
Тағы өседi, қайтадан.

Түрлi жандар дене түрлеп,
Өзгерiп тұр бұл ғалам.
Жоғалатын нәрсе жоқ деп,
Айтты ғылым байқаған.

Көзге сенiп, ойға сенбей,
Жанды жоқ деп қаңғырып.
Адасып жүр ақты көрмей,
Көңiлi соқыр көп надан.

«Ана сансыз кереметтi,
Кiм жаратса, Ие сол» –
Десе неттi, қойса беттi
Хақиқатқа жайнаған.

Шала дiн мен қате пәннiң,
Соңына ерме, шынға ер.
Мiнi – жаның, мiнi – тәңiрiң,
Мiнi – дiнiң, мiнi – иман.

Автор: ZHARAR | 30 336 |


Комментарии для сайта Cackle

Загрузка...
Рекомендуем:
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Жасымнан жетік білдім)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Жасымнан жетік білдім)
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Талап пен ақыл)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Талап пен ақыл)
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Пайғамбар Мұса жолықса)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Пайғамбар Мұса жолықса)
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Тәңірі мен жан)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Тәңірі мен жан)
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Тәңіріні іздеп бір мұңғыл)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Тәңіріні іздеп бір мұңғыл)
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Ұждандыны мақтайды тамам адам)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Ұждандыны мақтайды тамам адам)
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Тура жолда қайғы жоқ)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Тура жолда қайғы жоқ)
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Ойлансын ұлан болса сөз ұғарлық)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Ойлансын ұлан болса сөз ұғарлық)
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы («Адамның еркі қайда?» деп ақылдан сұрағаным)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы («Адамның еркі қайда?» деп ақылдан сұрағаным)
Қазақша өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Жер жүзіне қарасам...)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Жер жүзіне қарасам...)
Қазақша өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Ақылдан ойға сыр тарап...)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Ақылдан ойға сыр тарап...)
Қазақша өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Ақыл құсы адаспай аспандаса...)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Ақыл құсы адаспай аспандаса...)
Қазақша өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Айна қойдым алдыма...)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Айна қойдым алдыма...)
Қазақша өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Иманым)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Иманым)
Қазақша өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Ақыл деген өлшеусіз бір жарық нұр...)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Ақыл деген өлшеусіз бір жарық нұр...)
Қазақша өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Арақ, мастық, жар, жан, шатақ иманның...)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Арақ, мастық, жар, жан, шатақ иманның...)

KZ / Өлеңдер жинағы, шакарим кудайбергенов Иманым олен өлең, шакарим кудайбердиев стихи на казахском языке, шакарим кудайбердиев стихи на казахском, шәкәрім құдайбердіұлы өлеңдері әдеби әлем, шәкәрім құдайбердіұлының барлық өлеңдері, шәкәрім құдайбердіұлы өлеңдері, стихи на казахском языке шакарима кудайбердиева, шакарим кудайбергенов Иманым олен өлең шакарим кудайбердиев стихи на казахском языке шакарим кудайбердиев стихи на казахском шәкәрім құдайбердіұлы өлеңдері әдеби әлем шәкәрім құдайбердіұлының барлық өлеңдері шәкәрім құдайбердіұлы өлеңдері стихи, Қазақша өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Иманым) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке