» » » Өлең: Міржақып Дулатұлы (Қара құс һәм адам)

Өлең: Міржақып Дулатұлы (Қара құс һәм адам)

Өлең: Міржақып Дулатұлы (Қара құс һәм адам) казакша Өлең: Міржақып Дулатұлы (Қара құс һәм адам) на казахском языке
Қара құс:
Жалғанға патша баланған,
Данышпан ізгі саналған,
Аллашыл әділ адамнан,
Қайдан шықты бұл мінез?!

Адам:
Тексеретін сен емес!
Ескеретін мен емес!
Саған адам тең емес,
Маңайымнан жоғал тез!

Қара құс:
Атам менің қара құс,
Өзім қырғи бала құс.
Тояттармын болып тұс,
Жемтігіңе келдім кез.

Адам:
Айтқанымды кектесең,
Оқ жалынсын кетпесең!
Сырғыш қанат етпесең...
Адамға қызмет...

Қара құс:
Қорқытқаның осы ма?
Дегенім ғой «шошыма».
Жүрмесін жетпей досыңа:
Оғыңды сақтап, сонан без!

Адам:
Жауласармыз, тынармыз,
Балдан тәтті тұрармыз.
Сонда сені қуармыз.
Қара жүрек, қанды көз.

Қара құс:
Жауыздығың болды паш,
Жақсылыққа жаның қас.
Ойламаймын қыла алмас,
Қам қылармын мен де біраз.

Адам:
Жазбен бірге жаңғырып,
Көңілге нұр, жан кіріп,
Біз біткенде қаңғырып,
Жоғаларсың сен өзің.

Қара құс:
Біз де тойда болармыз,
Кеудеңе барып қонармыз.
Қара құс біткен тоярмыз,
Мейлің тула, мейлің төз!

Автор: nurgul95 | 104 |


Социальные комментарии Cackle


Загрузка...

KZ / Өлеңдер жинағы, міржақып дулатұлы Қара құс һәм адам өлең стихи на казахском миржакып дулатулы олен казакша, міржақып дулатұлы өлеңдері, миржакып дулатулы олендери, миржакып дулатулы стихи на казахском, Қара құс һәм адам, міржақып дулатұлы Қара құс һәм адам өлең стихи на казахском миржакып дулатулы олен казакша міржақып дулатұлы өлеңдері миржакып дулатулы олендери миржакып дулатулы стихи на казахском Қара құс һәм адам, Өлең: Міржақып Дулатұлы (Қара құс һәм адам) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке