» » » Өлең: Қадыр Мырза Али (Қызғаншақ келіншек)

Өлең: Қадыр Мырза Али (Қызғаншақ келіншек)

Өлең: Қадыр Мырза Али (Қызғаншақ келіншек) казакша Өлең: Қадыр Мырза Али (Қызғаншақ келіншек) на казахском языке
Азаматын кінәлідей тергеген
Әйелді мен бұрын-соңды көрмегем.
Жүрекпенен ұстамасаң жігітті,
Жүгендеуің мүмкін емес мөрменен!
Құлағыңды түре берме өсекке!
Сырғалының бәрі бірдей төсек пе?!
Сүйгеніңе сену керек!
Ал сенсең,
Әр қадамын неге аласың есепке!?
Сағат сайын іздеу салар еріңе,
Ол бір сондай жын-сайтан ба?
Пері ме?
Әлде ол сорлы момақан бір тоқты да,
Әйел біткен шеттерінен бөрі ме?!
Нар жігітке әр уақытта көп серік.
Не болады азаматтан кетсе ерік?
Ал сен болсаң,
Шылдырлатып телефон,
Сағат сайын отырасың тексеріп.
Дүниеде не ғажайып жоқ дейсің!
Күз боп солып,
Көктем болып көктейсің.
Махаббатты шектемеген
Жер мен Көк
От басымен қалай ғана шектейсің?!
Таусылсаң да,
Тауыссаң да тағатты,
Түймеген жөн, шытпаған жөн қабақты.
Бірін-бірі сүйген адам
Ешқашан
Бір-біріне болмау керек абақты!

Автор: nurgul95 | 98 |



Загрузка...

KZ / Қазақша Өлеңдер жинағы, қадыр мырза али Қызғаншақ келіншек өлең стихи на казахском кадыр мырза али олен казакша, қадыр мырза али өлеңдері, кадыр мырза али олендери, кадыр мырза али стихи на казахском, Қызғаншақ келіншек, қадыр мырза али Қызғаншақ келіншек өлең стихи на казахском кадыр мырза али олен казакша қадыр мырза али өлеңдері кадыр мырза али олендери кадыр мырза али стихи на казахском Қызғаншақ келіншек, Өлең: Қадыр Мырза Али (Қызғаншақ келіншек) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке