» » » Өлең: Күләш Ахметова (Сөз)

Өлең: Күләш Ахметова (Сөз)

Өлең: Күләш Ахметова (Сөз) казакша Өлең: Күләш Ахметова (Сөз) на казахском языке
Тау тозады,
Өзгереді тас түсі,
Таланттың да ұшар талай жас құсы.
Өзің даңққа бөленгенің сөз емес,
Елдің даңқын шығару ғой — бастысы!
Су тартылар,
Жағалаулар қозғалар.
Жасыл өлке бір кездері боз болар.
Адамдар да алмасады,
Тек қана
Ұлылардан ұрпақтарға сөз қалар.
Көбі өзгерер —
Жеткізгенде жыл хабар.
Су сылдырын сан өзгертер жылғалар.
Сүю — мәңгі,
Сүйгендердің жүрегі
Махаббаттың жырын оқып нұрланар.
Жаз да кетер,
Салар әлі күз бүлік.
Көп нәрсені үлгермеспіз біз біліп.
Жасар бірақ тұман басқан теңізден
Жас баланы алып шыққан ізгілік.
Түрлі оттармен жарқырайды қара түн,
От та өшеді, өшпестей боп жанатын.
Тоқтатыңдар корабльді, қыранды,
Қара сөздің қырқа алмайды қанатын.
Қанатты сөз кеңістікте жиі ұшты,
Сөз сыймаған жерге таулар сыйысты.
Бүкіл сөздер адамдықты құрметтеп,
Көкке биік көтеруге тиісті!
Көбі өзгерер,
Көрер бәрін көз қайдан?!
Өткендердің жайын кейде қозғайды ән.
Небір ұлы шайқастар да тоқтаған,
Тоқталмайды ешқашанда сөз — майдан!
Сөз алдында
Мойып талай жатты күш.
Талай жерде сөзден қолдау тапты ұлы іс.
Болған емес сөзсіз нағыз келісім,
Сөзден асқан болған емес қақтығыс.
Келеді адам бір жаңалық ашқысы,
Айта білген
Сөздеріңмен жастысың,
Қарулы күш қаһары да — түк емес,
Қара сөзге бас игізу — бастысы!

Автор: nurgul95 | 121 |


Комментарии для сайта Cackle

Загрузка...
Рекомендуем:
Өлең: Күләш Ахметова (Бақыт жайлы)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Күләш Ахметова (Бақыт жайлы)
Өлең: Күләш Ахметова (Өң мен түс)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Күләш Ахметова (Өң мен түс)
Өлең: Күләш Ахметова (Перзенттік парыз)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Күләш Ахметова (Перзенттік парыз)
Өлең: Күләш Ахметова (Мен туған үй)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Күләш Ахметова (Мен туған үй)
Өлең: Күләш Ахметова (Қара теңізде)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Күләш Ахметова (Қара теңізде)
Өлең: Күләш Ахметова (Сарыарқа)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Күләш Ахметова (Сарыарқа)
Өлең: Күләш Ахметова (Үшарал)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Күләш Ахметова (Үшарал)
Өлең: Күләш Ахметова (Қазағым менің)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Күләш Ахметова (Қазағым менің)
Өлең: Күләш Ахметова (Мен бір бақыт іздеп жүрмін достарым)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Күләш Ахметова (Мен бір бақыт іздеп жүрмін достарым)
Өлең: Күләш Ахметова (Қалалар мен адамдар)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Күләш Ахметова (Қалалар мен адамдар)
Өлең: Күләш Ахметова (Қар жауып тұр қалада)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Күләш Ахметова (Қар жауып тұр қалада)
Өлең: Күләш Ахметова (Құс қайтқанда)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Күләш Ахметова (Құс қайтқанда)
Өлең: Күләш Ахметова (Жапырақ — жаздың жүрегі)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Күләш Ахметова (Жапырақ — жаздың жүрегі)
Өлең: Дәуітәлі Стамбекұлы (Екі өлең)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Дәуітәлі Стамбекұлы (Екі өлең)
Қазақша өлең: Абай атаға сағыныш
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Абай атаға сағыныш
Қазақша өлең: Күләш Ахметова (Қазақстаным)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Күләш Ахметова (Қазақстаным)

KZ / Өлеңдер жинағы, күлаш ахметова Сөз өлең стихи на казахском кулаш ахметова олен казакша, күлаш ахметова өлеңдері, кулаш ахметова олендери, кулаш ахметова стихи на казахском, Сөз, күлаш ахметова Сөз өлең стихи на казахском кулаш ахметова олен казакша күлаш ахметова өлеңдері кулаш ахметова олендери кулаш ахметова стихи на казахском Сөз, Өлең: Күләш Ахметова (Сөз) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке