» » » Өлең: Жамбыл Жабаев (Жеңімпаздар съезіне)

Өлең: Жамбыл Жабаев (Жеңімпаздар съезіне)

Өлең: Жамбыл Жабаев (Жеңімпаздар съезіне) казакша Өлең: Жамбыл Жабаев (Жеңімпаздар съезіне) на казахском языке
Желпи соққан желдеймін,
Жол бермейтін белдеймін,
Жамбылды кәне тыңдаңдар.
Жатқан байтақ жеріме,
Жасанған жаздай еліме,
Жеңімпаз кілең еріме,
Жастай жайнай сөйлеймін.
Жеңімпаздар съезін
Жалындаған жырыммен
Жер бетіне естірте,
Жаудың жанын шошынта,
Достарымды қуанта
Жүрегіммен тербеймін.
Қуанбасын дос неге,
Шошымасын жау неге!
Сөйлегенде Сталин,
Қыран құстай саңқылдап,
Он жетінші съезде,
Жаттағалы әр сөзін,
Домбырамен — мен үйде
Бес жыл өтті бес жүздей,
Атағы шыққан әлемге
Отаным түлеп түлектей
Көз жарыды көрмеге.
Сталиндік алтын заң,
Жарығын септі дүниеге.
Сол жарықтың нұрымен,
Сталиндік туымен,
Халқым шықты төбеге,
Сол жарықтың нұрымен.
Жауды тауып лақтырдық,
Жабысқан біздің кемеге, —
Осыған дұшпан күйінді!
Осыған достар сүйінді!
Сол жарықтың нұрымен,
Сталиндік туымен
Өріске қаптап мал толды,
Табаққа жая, жал толды.
Теңіздей егін шалқыды,
Теңізде жүзген кемедей
Комбайндар аңқыды.
Көмірім таудай үйілді,
Темірім судай құйылды,
Мұнайым ақты бұлақтай,
Жайнады көзім шырақтай,
Даламды басты темір жол,
Тұлпарға мінді қалың ел —
Осыған дұшпан күйінді!
Осыған достар сүйінді!
Сол жарықтық нұрымен,
Сталиннің туымен,
Отаным болат жамылды,
Алмас семсер тағынды.
Аэроплан аспанда,
Қанатқа қанат қосқанда
Жүрегі жаудың жарылды.
Таудай болат танкілер
Ұлдарыма бағынды,
Қыздарыма бағынды,
Тау бұзатын зеңбірек
Отанымның шетінде,
Жаудың келер бетінде,
Күзетіп тұр бағымды —
Осыған дұшпан күйінді!
Осыған достар сүйінді!
Сол жарықтың нұрымен,
Сталиннің туымен,
Жаңаланды барлық жан,
Кремльге сүйінді,
Кремльді шын сүйді —
Он бір — отау — Ұлы Отан.
Өлең тақты орденді
Қайтқан жеңіп ерлердей,
Сонау көлден Хасанның,
Орден такты инженер,
Білімділер оқыған,
Колхозшыдай, шахтердай.
Алды орден мен орынды
Ең қымбатты қатардан —
Осыған дұшпан күйінді!
Осыған достар сүйінді!
Ұлы Сталин тұр бастап,
Ленин туы қолында.
Топты жарған жеңімпаз
Кілең ерлер соңында
Әне көсем сөйлейді,
Тыңда, Донбасс, Кузбасым,
Тыңда, Алтай, Оралым,
Қарағанды, Балхашым.
Колхозшылар, ал тыңда!
Командирлер кел тыңда!
Комбайыншы сен тыңда!
Бахыты үшін Отанның,
Темір мен мыс қорғасын,
Тасқындай түс, тасқында!
Өс төрт түлік, мың-мыңда!
Жеті миллиард пұт алтын дән
Өссін жазда жайқалып,
Қарқынды қос, қарқынға!
Айналадан көз тіккен ,
Жау қарайды телмірген,
Қол сұқпақшы алтынға.
Отанымда өндірген;
Созған қолын қырқуға,
Қалдықтарын құртуға,
Етуге жексен жерменен
Қарулан, халқым, қарулан!
Жалын төсе, оқ төсе
Жау алдынан көлденең!
Қарулан, ақын, қарулан,
Ең қайратты өлеңмен!
Жеңімпаздар съезін
Қосайық әнге күйменен
Сталин туы астында,
Асуға тағы белдерден,
Берейік серт съезге,
Берейік серт көсемге,
Серттің бірі осы өлең!

Автор: nurgul95 | 116 |


Комментарии для сайта Cackle


Загрузка...

KZ / Өлеңдер жинағы, жамбыл жабаев Жеңімпаздар съезіне өлең стихи на казахском жамбыл жабаев олен казакша, жамбыл жабаев өлеңдері, жамбыл жабаев олендери, жамбыл жабаев стихи на казахском, Жеңімпаздар съезіне, жамбыл жабаев Жеңімпаздар съезіне өлең стихи на казахском жамбыл жабаев олен казакша жамбыл жабаев өлеңдері жамбыл жабаев олендери жамбыл жабаев стихи на казахском Жеңімпаздар съезіне, Өлең: Жамбыл Жабаев (Жеңімпаздар съезіне) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке