» » » Өлең: Мағжан Жұмабаев (Толғау)

Өлең: Мағжан Жұмабаев (Толғау)

Өлең: Мағжан Жұмабаев (Толғау) казакша Өлең: Мағжан Жұмабаев (Толғау) на казахском языке
Тек ел деген сөзі үшін,
Ергенде, ердім ұранға.
Болмаса, аян досыма,
Досым түгіл, қасыма:
Аты бар деп атшы боп,
Қошемет қып, қосшы боп,
Ел бастаған ағаға
Адъютант болып ермедім.
Адъютант болып адамға
Ермеуіме көп белгі.
Көп белгіден бір белгі:
Ағаның азы қасарып,
Аузына ауыр тас алып,
Түн шығып оймен жатқанда
Талай аға тез жүдеп,
Жөңкіле жүкті тартқанда.
Жеммен жүрер жабыдай,
Құрбының көбі тез түлеп,
Топырлап топқа шапқанда,
Жапанда жалғыз күңіреніп,
Мен ойыма ергемін
Еділ кездім, шөл кездім,
Кезгенімде не көрдім:
Қайда барсам, көр көрдім.
Айдарлысы құл болып,
Тұлымдысы тұл болып,
Еңіреген ел көрдім.
Қаралы көптің ішінде,
Қара салып басыма,
Елмен бірге еңіредім.
Бұл айып деуші дей жатар,
Мен мұны айып білмедім.
Мен еліме басшы емен,
Мен еліме қосшымын.
Күлкісін гүлге бөлейтін,
Жыласа, бірге жылайтын,
Жаны бір жолдас жыраумын.
Жылағанда жалпы жұрт,
«Жылама, күл!»- дегенде,
Көне алмадым, көнбедім.
А дегеннен асылды
Тебіренген толқын бетінде
Көремін деп асықтым.
Асыққаннан не пайда,
Толғақсыз туар бала жоқ.
Ту баста толқын бетінде
Асығып күткен асылды
Көре алмадым, көрмедім.
Бұлқынған толқын бетінде,
Қалқыған қу тезектей,
Бір күн бура болғышыл
Бұзықтар болды көргенім.
Көргенім анық, алайда
Тезекке бола толқыннан
Ат-тонымды ап безбедім.
Бұл безуден саулығым:
Жүзден тоқсан толқында ед.
Анда-санда ес кіріп,
Сұрадым тоқсан саулығын.
Ақталмаймын, қалайда,
Толқынға жоқ-ты жаулығым.
«Жау» деген - жаудың жаласы,
Әділ болсаң, өмірімді
Ақтарып әділ қарашы.
Отыз жыл өмір бойында
Жазғанымды жайып caп,
Екі жар ғып санашы.
Тексеруді отызды
Ауырсынсаң, қояйын.
Бір сөзімді есіңе ал:
Мен толқынға жау болсам,
Жеті жыл бұрын осыдан,
Төңкерістің таңында
Алты алашқа әйгілеп:
«Не бостандық, не құлдық,
He езілу, не теңдік,
He патшалық, не Кеңес -
Екіден бір!»- дер ме едім?!

Автор: nurgul95 | 225 |


Комментарии для сайта Cackle

Загрузка...
Рекомендуем:
Өлең: Қадыр Мырза Али (Босқа өткен күн)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Қадыр Мырза Али (Босқа өткен күн)
Өлең: Жамбыл Жабаев (Тарас)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Жамбыл Жабаев (Тарас)
Өлең: Мұқағали Мақатаев (Емен көрдім)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Мұқағали Мақатаев (Емен көрдім)
Өлең: Абай Құнанбаев (Мен көрдім ұзын қайың құлағанын)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Абай Құнанбаев (Мен көрдім ұзын қайың құлағанын)
Қазақша өлең: Сұлтанмахмұт Торайғыров (Түсімде)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Сұлтанмахмұт Торайғыров (Түсімде)
Қазақша өлең: Сәбит Дөнентаев (Досқа)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Сәбит Дөнентаев (Досқа)
Қазақша өлең: Сырбай Мәуленов (Тұтқынның сөзі)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Сырбай Мәуленов (Тұтқынның сөзі)
Қазақша өлең: Мағжан Жұмабаев (Айрылдым сенен, жан сәулем)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Мағжан Жұмабаев (Айрылдым сенен, жан сәулем)
Қазақша өлең: Мағжан Жұмабаев (Сәлем хат)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Мағжан Жұмабаев (Сәлем хат)
Қазақша өлең: Мағжан Жұмабаев (Сүйгенім анық)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Мағжан Жұмабаев (Сүйгенім анық)
Қазақша өлең: Мағжан Жұмабаев (Ләззат қайда)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Мағжан Жұмабаев (Ләззат қайда)
Қазақша өлең: Мағжан Жұмабаев (Зарлы сұлу)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Мағжан Жұмабаев (Зарлы сұлу)
Қазақша өлең: Мағжан Жұмабаев (Жан сөзі)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Мағжан Жұмабаев (Жан сөзі)
Қазақша өлең: Мағжан Жұмабаев (Еділдің сағасында)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Мағжан Жұмабаев (Еділдің сағасында)
Қазақша өлең: Мағжан Жұмабаев (Ботамды көрдім түсімде)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Мағжан Жұмабаев (Ботамды көрдім түсімде)
Қазақша өлең: Мағжан Жұмабаев (Асық иіру)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Мағжан Жұмабаев (Асық иіру)

KZ / Өлеңдер жинағы, мағжан жұмабаев Толғау өлең стихи на казахском магжан жумабаев олен казакша, мағжан жұмабаев өлеңдері, магжан жумабаев олендери, магжан жумабаев стихи на казахском, Толғау, мағжан жұмабаев Толғау өлең стихи на казахском магжан жумабаев олен казакша мағжан жұмабаев өлеңдері магжан жумабаев олендери магжан жумабаев стихи на казахском Толғау, Өлең: Мағжан Жұмабаев (Толғау) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке