» » » Өлең: Жамбыл Жабаев (Тарас)

Өлең: Жамбыл Жабаев (Тарас)

Өлең: Жамбыл Жабаев (Тарас) казакша Өлең: Жамбыл Жабаев (Тарас) на казахском языке
Украин елінің,
Украин ұлының
Мен есіттім жырлаған
Тарастайын бұлбұлын.
Днепрдің суындай,
Айдын көлдің қуындай
Жеткен менің жеріме,
Естіледі еліме
Тарас салған бұлбұл үн;
Байқап бір тұрсаң жырына:
Үнінен оның зар шыққан,
Жас орнына көзінен
Жас аралас қан шыққан.
Ойға бір шомып ойласам,
Зарлатқан оны зар заман,
Тұсауын алып халықтың
Билеген патша зар заман.
Қол, аяғын кісендеп,
Байлатқан оны зар заман.
Өз елінен айрылып,
Қазақтың алыс қырына,
Маңғыстаудың бойына,
Айдатқан оны зар заман..
Сол бір зарлы заманда
Қу домбыра қолға алып,
Қу тілді безел толғанып,
Құлазыған далада
Тарастай мен де зарлағам,
Даусым оның даусымен
Қосылып сонда сарнаған,
Қағынан безген құландай,
Тауынан безген бұландай,
Сол бір қытымыр заманда
Жүректе сүлде қалмаған.
О бір кезде, ақыным,
Сен де іздедің бостандық,
Мен де іздедім бостандық,
Халықта да, сенде де,
Халықпен бірге менде де
Еркіндіктің таңына
Күшті еді бізде құштарлық.
Князь, жендет патшаға
Тіліңді мірдей қададың,
Ханға, биге, манапқа,
Патшаға, байға, санатқа
Сегіз қырлы жебедей
Мен де тілді қададым.
Қытымыр күнде тіресіп,
Біз де қарап жатпадық,
Хан, патшадан, князьдан,
Қорықпай, бұқпай, қарысып,
Біз де тілді тартпадық,
Бақыт үшін толғаған,
Жүрекке жырды сақтадық,
Сол көксеген бақытты
Көре алмай кеттің көзіңмен,
Дүниеден сен кетіп
Қалсаң да, таңға мен жетіп,
Халықпен күткен бақытты
Көрдім мен міне көзіммен,
Бұл бақытты көзіммен
Көрдім сенің еліңде,
Мен де көрдім сен болып,
Көрді менің елім де
Нұрлы күннің сәулесін,
Бақытты бүкіл ел көрді,
Гүлге оранған қамқадай,
Шалқар көлді жер көрді.
Ленин менен Сталин
Нұрлы таң үшін алысқан.
Халыққа бақ қонғызған,
Алыбым екі данышпан.
Елді бастап екеуі
Бай мен патша жендетті
Қара тастай жанышқан.
Күннің бөлеп нұрына,
Ақындардың жырына
Алтын арна жол ашқан.
Сенің де жырың шырқалды
Өлсең дағы алыстан.
Менің де жырым шырқалды
Тоғысып елмен табысқан.
Жырың тарап ақылды
Барлық халық тілінде,
Жырың сенің жырланды
Украина жерінде,
Өлеңің өшпес жатталды
Қазақтың да елінде,
Тоқсаннан асқан жасымда:
Жасарып қайта жыр салып,
Домбыраны қолға алып,
Орын алды халықтан
Орденді жырым менің де

Автор: nurgul95 | 155 |


Комментарии для сайта Cackle

Загрузка...
Рекомендуем:
Өлең: Жамбыл Жабаев (Өмір жыры)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Жамбыл Жабаев (Өмір жыры)
Өлең: Жамбыл Жабаев (Тәжібайға)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Жамбыл Жабаев (Тәжібайға)
Өлең: Жамбыл Жабаев (Туысқан ел)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Жамбыл Жабаев (Туысқан ел)
Өлең: Жамбыл Жабаев (Өлгенің жоқ сен тірі)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Жамбыл Жабаев (Өлгенің жоқ сен тірі)
Өлең: Жамбыл Жабаев (Белсенділерге)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Жамбыл Жабаев (Белсенділерге)
Қазақша өлең: Матай Сансызбайұлы (Заман кімдікі)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Матай Сансызбайұлы (Заман кімдікі)
Қазақша өлең: Назгүл Бердіқожа (Ұлтымның тілі ұрандай!)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Назгүл Бердіқожа (Ұлтымның тілі ұрандай!)
Қазақша өлең: Исраил Сапарбай (Заман)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Исраил Сапарбай (Заман)
Қазақша презентация (слайд): Үштілділік - заман талабы
Қазақша Презентация (слайд) жинағы
Қазақша презентация (слайд): Үштілділік - заман талабы
Қазақша өлең: Бұқар жырау (Ай, заман - ай, заман - ай)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Бұқар жырау (Ай, заман - ай, заман - ай)
Қазақша өлең: Жамбыл Жабаев (Өстепкеде)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Жамбыл Жабаев (Өстепкеде)
Қазақша өлең: Жамбыл Жабаев (Тоқтағұлға)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Жамбыл Жабаев (Тоқтағұлға)
Қазақша өлең: Жамбыл Жабаев (Менің өмірім)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Жамбыл Жабаев (Менің өмірім)
Қазақша өлең: Жамбыл Жабаев (Кедей күйі)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Жамбыл Жабаев (Кедей күйі)
Қазақша өлең: Жамбыл Жабаев (Жаратылыс сыры)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Жамбыл Жабаев (Жаратылыс сыры)
Қазақша әндер жинағы: Заман тобы
Қазақша Әндер жинағы
Қазақша әндер жинағы: Заман тобы

KZ / Өлеңдер жинағы, жамбыл жабаев Тарас өлең стихи на казахском жамбыл жабаев олен казакша, жамбыл жабаев өлеңдері, жамбыл жабаев олендери, жамбыл жабаев стихи на казахском, Тарас, жамбыл жабаев Тарас өлең стихи на казахском жамбыл жабаев олен казакша жамбыл жабаев өлеңдері жамбыл жабаев олендери жамбыл жабаев стихи на казахском Тарас, Өлең: Жамбыл Жабаев (Тарас) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке