Исраил Сапарбай (Заман)

Жақсысы атылған заман,
Жаманы сатылған заман.
Еркегі қатыннан жаман,
Қатыны шатылған заман.
Ібіліс ылыққан заман,
Бүлініп, былыққан заман.
Құлқыны құныққан заман,
Құдайын ұмытқан заман!
Байлыққа бас ұрған заман
Әптіңді қашырған заман.
Араны ашылған заман,
Адамы ашынға заман!
Талабын тасқа ұрған заман,
Тарыдай шашылған заман
Арамды ас қылған заман,
Адалды лас қылған заман.
Талағы тасырдан жаман,
Тарыдай шашылған заман.
Айласын асырған заман,
Абыройы ашылған заман.
Ұлдары ұрынған заман,
Қыздары қыдырған заман.
Түлкідей құбылған заман,
Түгелдей жын ұрған заман!!!
Жаманы сатылған заман.
Еркегі қатыннан жаман,
Қатыны шатылған заман.
Ібіліс ылыққан заман,
Бүлініп, былыққан заман.
Құлқыны құныққан заман,
Құдайын ұмытқан заман!
Байлыққа бас ұрған заман
Әптіңді қашырған заман.
Араны ашылған заман,
Адамы ашынға заман!
Талабын тасқа ұрған заман,
Тарыдай шашылған заман
Арамды ас қылған заман,
Адалды лас қылған заман.
Талағы тасырдан жаман,
Тарыдай шашылған заман.
Айласын асырған заман,
Абыройы ашылған заман.
Ұлдары ұрынған заман,
Қыздары қыдырған заман.
Түлкідей құбылған заман,
Түгелдей жын ұрған заман!!!
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
Ұқсас мақалалар:
» Матай Сансызбайұлы (Заман кімдікі)
» Ай-хай, заман-ай (Қазақ ауыз әдебиеті)
» Елім-ай (Қазақ ауыз әдебиеті)
» Бұқар жырау (Ай, заман - ай, заман - ай)
» Ілияс Жансүгіров (Заман)
» Міржақып Дулатұлы (Зар заман)
» Өтесің, қайран заман-ай (Қазақ ауыз әдебиеті)
Іздеп көріңіз:
Жаңалықтар:
» 2021 жылы пітір садақа мөлшері 420 теңге болып белгіленді (фото) 04.04.2021, 0
» Алматыда жоқ көлік үшін алдын-ала төлем алған жігіт ұсталды 02.04.2021, 0
» "Дәл мені ұстағысы келді ме": Мейрамханада ұсталған Қайрат Нұртас оқиғаға пікір білдірді 26.03.2021, 2
Ілмектер: заман туралы өлең, Исраил Сапарбай Заман өлең олен стихи на казахском, Исраил Сапарбай өлеңдері, Исраил Сапарбай стихи на казахском языке, казакша олендер, қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно