Қазақша өлең: Мағжан Жұмабаев (Жан сөзі) » ZHARAR © 2017 | мағжан жұмабаев Жан сөзі өлең олен магжан жумабаев стихи на казахском, мағжан жұмабаев өлең олен стих, казакша олен магжан жумабаев, Жан сөзі




  • »

Қазақша өлең: Мағжан Жұмабаев (Жан сөзі)

Қазақша өлең: Мағжан Жұмабаев (Жан сөзі) казакша Қазақша өлең: Мағжан Жұмабаев (Жан сөзі) на казахском языке

Өмір-теңіз, жоқ оның түбі, шеті,
Сылық-сылық күлген сиқырлы толқын беті.
Осы өмірге кіргелі көп күн болды,
Енді бір ай-толады жиырма жеті.

Мен жоқ едім бар қылып анам тапты,
Содан бері күн талай шықты, батты.
Ес біргелі алыстым өмірменен,
Өмір-теңыз толқыны тым көп қақты.

Мен туғалы ағарып көп таң атты,
Қараңғылық жер бетін талай жапты.
Ес білгелі алыстым жүрекпенен,
Ырық бермеді, қаңғыды, ол не тапты?

Ессіз жүрек тулады ,бермеді ырық,
Ақыл сорлы ере алмай қалды тұрып.
Ессыз жүрек,бөгелші бір азырақ,
Отыз тұр ғой үңіліп,арты-қырық.

Әміріңді екі қылмай орындадым,
Есімде отқа,суға ұрынғаным.
Өтті жылдар, жапанда жалғыз қаппын,
Өмірімді осынша улап, не қылғаның?!

-дедің, жел болып еспедім бе?
Уақыт талғап,ерте я кеш дедім бе?
Желдей жынды есалаң екпінді боп,
Заулап тұрған отқа өзім түспедім бе?!

-дедің,от болып жанбадым ба?
Күйдірмей,сірә,нәрсе талғадым ба?
Күлді де алдым құшаққа, гүлді де алдым.
Мынау ,мынау деп таңдадым ба?!

-дедің, сылдырап ақпадым ба?
Жыландай жүз бұралып жатпадым ба?
Ерікті-еріксіз суымнан татар жанды
Сиқырлап сылдырменен таппадым ба?

-дедің, мен күндей кұлмедім бе?
Күннен де астым мен кұндіз-түн дедім бе?
Күн тәкәппар. Мен көппен құшақтастым,
Бұл ісімді күндікке мін дедім бе?

-дедің,ай болып жүзбедім бе?
оқып, жер жүзін кезбедім бе?
Анадайдан сиқырлы сәуле төгіп,
Талайлардың өзегін үзбедім бе?

Сен:-дедің,Талайды сүймедім бе?
Көбелек боп көп отқа күймедім бе?
Тірілгенім болмаса өлгеннен соң,
Мен талай күлден кебін кимедім бе?

-дедің, талай жас төкпедім бе?
Дария болды көз жасым, көп дедім бе?
Жасым,бітсе қып-қызыл қан жыладым,
,-дедім бе?

-дедің,безбедім бе?
Қаңғырып, талай жалғыз кезбедім бе?
Басыма талай қара күндер туды,
Ата-ана, туысқан іздедім бе?

-дедің,кетпедім бе?
Жер шетіне барсам да шет дедім бе?
Жыландай бауырына кіріп алып,
Қалайда жатты жақын етпедім бе?

-дедің сен,қашпадым ба?
Қойнымды жоқшылыққа ашпадым ба?
деп,
Барымды желге ұшырып,шашпадым ба?

-дедің сен, таппадым ба?
Сен:-дегенде, шаппадым ба?
Не керек! Бар бұйрығыңды орындадым,
Сұм жүрек,сол қызметімді ақтадың ба?

Ақтамадың,алдадың,енді білем,
Енді бір ай-жиырма жеті жасқа келем.
Отыз.қырық...Қартайам,сөнем,өлем...
Еліме есебімді не деп берем?!

Енді бір ай-жиырма жеті жас толады,
Отыз,қырық...Сарғайады,жүз солады.
Жыл соңынан жүгіріп жыл озады,
Кеудеге күн-күн сайын шер толады.

Ессіз жүрек аспанға қол сермеді,
Ессіз жүрек ақылға жол бермеді.
Жастық у ғой,айнымай,у ішіппін,
Бұл күндері кеудені ой кернеді.

Ақылға кеш айналдым,қараң күнім,
Бір күні құшағына алар өлім.
Қара жерді құшақтап мен жатармын,
Сол кезде не деп мені сынар елім?

-дер ме?
-дер ме?
-деп күлер ме?!

Болмаса:-дер ме?
-дер ме?
-дер ме?!

-дер ме?
-дер ме?
-дер ме?!

-дер ме?
-дер ме?
Не қуаныш, не қайғы басқан күнде
Басыма келіп:-дер ме?

Болмаса басыма да бармас па екен?
Атымды аузына да алмас па екен?
Қарайып жапан түзде жалғыз тұрған
Молама көз қырын да салмас па екен?

Дариға,сол күндерде күнім қараң,
Қазақ елі, бір ауыз сөзім саған:
Болғайсың ,сыншы болсаң,әділ сыншы,
Кінәні жүрекке қой,қойма маған!

Мені атама,бұл жүрек-жынды дерсің,
Ұмтылған аламын деп Күнді дерсің.
-дерсің.


Санат: KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы | | 875
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:
. .