» » » Өлең: Мұқағали Мақатаев (Отырам да қараймын)

Өлең: Мұқағали Мақатаев (Отырам да қараймын)

Өлең: Мұқағали Мақатаев (Отырам да қараймын) казакша Өлең: Мұқағали Мақатаев (Отырам да қараймын) на казахском языке
Дүниенің мұңына,
отырам да, қараймын,
Зомбылық езгі, масқара —
Көремін де, санаймын.
Отырмын көріп,
Көрінбес көздердің
селді жастарын,
Еңіреуін естимін,
ары айыпты жастардың,
Өткізген бұзақы ісіне,
өкіне олар бастады.
Сұрқия жағдай байқаймын,
Сұрқия мына өмірде,
Балалары тастаған аналар отыр кебінде,
Аш, жалаңаш, қайыршы,
мойынсұнған өлімге
Әйелдер анау,
Өмірін бүлдіріп біткен байлары,
Әлемет әзәзілдер жүр,
Әбжауһан алу ойлары,
Бәрін де көріп отырмын,
Жанардан бәрі жасырын,
Қасірет жанды көремін,
қызғанған қимас ғашығын,
Адамдардың көремін,
Кесапат, кесел, машығын.
Көремін оба,
озбырлық,
ойран салған қырғынды,
Түрмеге түскен сорлылар,
азаппен азып, қылғынды,
Аштықты көрем кемеден,
Моряктар бір іс қамдады.
Жеребе тартып,
бірісін алдымен жеуге арнады,
Қырылмауы үшін қалғаны.
Шонжарды көрем, менменсіп,
Көкірек кере паңсынған,
Сорлыларды көремін,
айла-шарқы таусылған,
Жұмысшы,
Негр — барлығын,
барлығын көрем жаншылған.
Сан жеткісіз иттікті,
Сарқылмайтын қорлықты,
Отырам да, байқаймын.
Көремін де, естимін,
үн қатудан тайқимын

Автор: nurgul95 | 94 |


Комментарии для сайта Cackle


Загрузка...

KZ / Өлеңдер жинағы, мұқағали мақатаев Отырам да қараймын өлең мукагали макатаев олен, мұқағали мақатаев өлеңдері, мукагали макатаев стихи на казахском, мукагали макатаев стихи на казахском языке, Отырам да қараймын, мұқағали мақатаев Отырам да қараймын өлең мукагали макатаев олен мұқағали мақатаев өлеңдері мукагали макатаев стихи на казахском мукагали макатаев стихи на казахском языке Отырам да қараймын, Өлең: Мұқағали Мақатаев (Отырам да қараймын) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке