Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Ақ кимешек көрінсе) » ZHARAR © 2016 | мұқағали мақатаев Ақ кимешек көрінсе өлеңі , мукагали макатаев все стихи на казахском языке, мұқағали мақатаев өлеңдері , мукагали макатаев стихи на казахском, мукагали макатаев стихи на казахском языке, мұқағали мақатаев өлеңдер жинағы, м.мақатаев өлеңдер жинағы,




  • »

Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Ақ кимешек көрінсе)

Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Ақ кимешек көрінсе) казакша Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Ақ кимешек көрінсе) на казахском языке

Әже, сен бірге жүрсің меніменен,
Өліге мен өзіңді телімегем.
Ақ кимешек киген бір кемпір көрсем,
Ақ кимешек астынан сені көрем.
Өңі-түсі өзіңнен бір аумайды,
Немересін ертпесе жүре алмайды.
Таныс дауыс, таныс сөз, таныс мәсі,
Көзіме оттай басылып, алаулайды.
Аппақтығы ұқсайды әрінің де,
Әжімің де, аумайды тәлімің де.
...Әлемдегі әженің бәрі бір ме?!
Әже, сен тірі екенсің әлі күнге.
Қия өтпейді...
Ұқсайды ізеті де,
(Ізетсізді бұлар да түзетуде.)
Бұлар да бабасынан алып қалған,
Өз жұртының дәстүрін күзетуде.
Әже, сен бірге жүрсің меніменен,
Өліге мен өзіңді телімегем.
...Ақ кимешек көрінсе, сені көрем,
Ақ кимешек жоғалса...
Нені көрем???


Санат: KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы | | 8 404
Рейтинг:
(голосов: 6)

.

. .