» » » Өлең: Мұқағали Мақатаев (Мықтымын ғой дегенмен...)

Өлең: Мұқағали Мақатаев (Мықтымын ғой дегенмен...)

Өлең: Мұқағали Мақатаев (Мықтымын ғой дегенмен...) казакша Өлең: Мұқағали Мақатаев (Мықтымын ғой дегенмен...) на казахском языке
Мықтымын ғой дегенмен
Қорғасындай бір салмақ кетер емес денемнен.
Басады кеп төбемнен. Қош айтысып өлеңмен,
Терезеге төнем де Алатауды көрем мен -
Басы қарға бөленген.
Бауыры көкке кенелген - Алатауды көрем мен.
(Қорғасындай бір салмақ арылмайды денемнен)
Мықтымын ғой тегінде!
Қорқытарың өлім бе, оранарым кебін бе?!
Түкірдім мен оларға!
Ей, жүрегім, жеңілме!
Ана тұрған көгінде - жұлдызың бар сенің де,
Басын иген өлімге, түкірдім мен өмірге!
Ей, жүрегім, жеңілме!
Ей, жүрегім, жеңілме.
...Мен несіне жерінем?!
Қорқатыным өлім бе?!
Қорықпай-ақ берілем
Өкінішті...
Амал не...
Өлмейтіндей келіп ем...
Мына жарық дүнием бірге туған менімен
Бірге өледі менімен!!!

Автор: nurgul95 | 192 |


Комментарии для сайта Cackle

Загрузка...

KZ / Өлеңдер жинағы, мұқағали мақатаев Мықтымын ғой дегенмен... өлең мукагали макатаев олен, мұқағали мақатаев өлеңдері, мукагали макатаев стихи на казахском, мукагали макатаев стихи на казахском языке, Мықтымын ғой дегенмен..., мұқағали мақатаев Мықтымын ғой дегенмен... өлең мукагали макатаев олен мұқағали мақатаев өлеңдері мукагали макатаев стихи на казахском мукагали макатаев стихи на казахском языке Мықтымын ғой дегенмен..., Өлең: Мұқағали Мақатаев (Мықтымын ғой дегенмен...) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке