Мұқағали Мақатаев (Оралыңдар)

 Мұқағали Мақатаев (Оралыңдар)

Ауылда өскен бауырларым, қайдасыңдар сендер
Туған жердің топырағы, шақырады белдер.
Сендерді ойлап күрсінеді, күрсінеді таулар,
Бұйығады бұлақтар да. шайқалады көлдер.
Шабындықта бөденелер, шегірткелер ән caп,
Жасыл тоғай жабығуда өздеріңді аңсап.
Оралындар, оралыңдар, оралыңдар елге
Біздер үшін неге керек атақ, даңқ, мансап!
Шақырады шабындықтар, бұйра шашты талдар,
Жолдарыңа көз тігуде кемпірлер мен шалдар!
Туған жердің аспаны да азан салып жоқтап,
Жұлдыздардың көздерінен отты жасы парлар.
Сендерді аңсап жатыр, әне, жайлау менен қырман
Сендерді аңсап, ән салады, тау самалы қырдан.
Ата-баба зираттары оралыңдар деп тұр,
Туған өлке әр шетінде қорған болып тұрған.
Азаматтар, оралындар, оралыңдар елге,
Туған жерсіз бақыт та жоқ, бола қалса сенбе!
Қалай ғана оралмассың, бара алмассың, сендер,
Кіндік қаның тамып қалған қасиетті жерге!
Жібі тузу жан едің құрметтеген,
Сен де ілесіп барасың дүрмекпенен.
Саған деген көңілімде адалдық бар,
Дүрмекпенен кетсем де кірлетпегем.
Саған соны, жарқыным, біл деп келем,
Ары таза деуші едім, жаны жақсы,
Қалған көңіл, қайтейін, налымақшы,
Қайда барып, жарқыным, жарымақсың?!
Сүт іздеген түртіншек ақ лақсың,
Сөйтіп жүріп, кімдерді жанымақсың?
Томпаңдаған монтандай момын-ақсың,
Сен де өзіңше намысты қорымақсың.
Қасығыңды қалайы қолыңа апсың,
Қайсы ауылдың қазанын торымақсьң?
Жаңарта бер, ұштай түс жағынғанды,
Жағындың да, жарқыным, бағың жанды.
Таңдандыра білмеген басқаларды,
Басқаларға ұнатар табынғанды.
Жібі түзу, пендем-ау, құрметтеген!
Қайда ілесіп барасың дүрмекпенен?
Тіршілігің шамалы тірнектеген,
Жібі түзу, жарқыным, біл деп келем!

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!