Әбубәкір Қайран (Аңсар)

 Әбубәкір Қайран (Аңсар)

Аңсар. Аңсар.
Шіркін Аңсар, бұл Аңсар –
Тас жүректі жарып шыққан бір Аңсар.
Туған жердің самалына тербелген.
Бұдыры жоқ,
Қылығы көп бұлаң тал.
Бұлаң талдың бұлқынғанда бұрымы
Туған жерге туралай тарт, ұран сап.
Осы бір шақ – отты өмір, қыран шақ,
Қыран шақты жүрегіңмен жүр аңсап
Аңсар барда күйкі өмірден тұр алшақ.

Аңсар. Аңсар.
Аңсар деген – мөлдірлік.
Аңсар деген – емес, сірә, көлгірлік.
Аңсап жүріп,
Шаршап жүріп жөн білдік.
Аңсап жүріп аруларды көндірдік.
Жүрегінде аңсары жоқ жандардың
Бір ғасырлық тіршілігі – он күндік.

Аңсар!Аңсар!
Шіркін Аңсар, бұл Аңсар,
Менің мынау жүрегімде тұр ән сап.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?