» » » Өлең: Қадыр Мырза Али (Ауылдағы алғашқы күн)

Өлең: Қадыр Мырза Али (Ауылдағы алғашқы күн)

Өлең: Қадыр Мырза Али (Ауылдағы алғашқы күн) казакша Өлең: Қадыр Мырза Али (Ауылдағы алғашқы күн) на казахском языке
Туған жерде бақыт деген бар құсың.
Туған жерсіз — бейшарасың,
Жарлысың.
Аңсаудайын аңсап келдім алыстан.
Ауыл-ана,
Аманбысың,
Армысың?!
Білесіңдер парыз барын,
Іс барын.
Менің нағыз жұмыс басты тұстарым.
Мен жоқ кезде талай келін түсіпті.
Құтты болсын!
Құтты болсын құстарың!
Бірін үзіп тақпақ болған жұлдыздың
Жыр-әлемде жеңіл емес мұң біздің.
Иә, айтпақшы,
Берік болсын баулары
Мен жоқ кезде туған талай ұл-қыздың!
Ерте кеткен азаматтың талайын
Жоқтайын да,
Естеріңе салайын.
Қақ төрінен орын алсын бейіштің
О дүниеге сапар шеккен ағайын!
Жабықпайық бірақ аңсап келгенде.
Жұтамайтын сағыныш бар, Ел, менде.
Жұма күні
Орынына аяттың
Жыр оқиын,
Тие берсін өлгенге!
Қай кезде де ұл мен қызға жарығыр
Құшағында ұстайды ұзақ кәрі қыр...
Қойыңыздар бүгін төсек салмай-ақ,
Қуаныштан көз ілмеймін бәрібір!

Автор: nurgul95 | 116 |


Комментарии для сайта Cackle


Загрузка...

KZ / Өлеңдер жинағы, қадыр мырза али Ауылдағы алғашқы күн өлең стихи на казахском кадыр мырза али олен казакша, қадыр мырза али өлеңдері, кадыр мырза али олендери, кадыр мырза али стихи на казахском, Ауылдағы алғашқы күн, қадыр мырза али Ауылдағы алғашқы күн өлең стихи на казахском кадыр мырза али олен казакша қадыр мырза али өлеңдері кадыр мырза али олендери кадыр мырза али стихи на казахском Ауылдағы алғашқы күн, Өлең: Қадыр Мырза Али (Ауылдағы алғашқы күн) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке