Қазақша өлең: Қалқаман Сарин (Күйзеліс) » ZHARAR © 2016 | қалқаман сарин Күйзеліс өлең , қалқаман сарин өлеңдер жинағы , қалқаман сарин өлеңдері, калкаман сарин олендери, калкаман сарин олендери казакша, қалқаман сариннің өлеңдер жинағы, қалқаман сариннің өлеңдер, стихи на казахском языке калкаман сарин, қалқаман, сарин, қалқаман сарин, калкаман, калкаман сарин




  • »

Қазақша өлең: Қалқаман Сарин (Күйзеліс)

Қазақша өлең: Қалқаман Сарин (Күйзеліс) казакша Қазақша өлең: Қалқаман Сарин (Күйзеліс) на казахском языке

Қош айтысқан күндер мен алыс кеткен айлардың,
Қайғысына оралып, қазығына байландым.
Бағым ауып басымнан, тәтті ойымнан тоналып,
Жапырағын жел жұтқан күзгі баққа айналдым.

Ашық аспан астында арманымнан адасып,
Жалғыздыққа жұп болдым жалғыз өзім жарасып.
Кірпік ілмей түнімен қос жанарым жасаурап,
Жұбататын жанымды жан іздейді қарашық.

Қарашыққа тұнып тұр, тағдыр сыйы тамшы – мұң,
Көрсем шерім тарқайды тамылжыған таң шығын.
Сағым белден сал самал сімірер ме ем, шіркін-ай!
Қала мынау... қажытқан қалың ойдан қаңсыдым.

Бар болмысты билейді, қамап алып ой – түрме ,
Қашып кеткім келеді бәрін тастап кей түнде.
Қайдам, бірақ қарақшы қара түнге тоналып,
Қайта оралып келемін сол күйзелген кейпімде.

Содан кейін отырам, өлең жазып ең соңғы,
Ең соңғы өлең – қайғылы, ең соңғы өлең – ең шерлі.
Бара жатыр ескі мұң езіп, жаншып еңсемді,
...Қарлығашым, қайдасың, қамықтырмай келші енді?!.


Санат: KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы | | 2 618
Рейтинг:
(голосов: 2)

.

. .