Серікбай Маханов (ШЫНДЫҚ АЙТ)

 Серікбай Маханов (ШЫНДЫҚ АЙТ)

Келген жоқсың бұл өмірге текке сен ,
Бар шындықты айтып өтем бетке мен .
Сумаңдаған Әзірейіл —- сұм әзіл
Өтіріктің өсегінде кетпе сен ,
Адам болып жүргеніңде көппенен !

Уақыт зырлап , тағдыр қыстап өткенмен ,
Кім сұрайды келешекті өткеннен ?
Не берілді ? , тіршілікке қарашы
Кейбіреулер атақ алды көлденен ,
Сол себепті уағыздаймын көпке мен !

Адам ата , Хауа ана пейіш бағын шарлаған ,
Пенде болып некелесіп жар болған .
Кінәларын Алла өзі кешкен соң
Дүниеге Абыл , Қабыл жаралған ,
Ұрпақ болдық адамынан таралған .

Жаратылған еркек – әйел пар болып ,
Кейбіреу жүр махаббатқа зар болып .
Аласұрған жамандыққа жақсылық
Ара тұрды бет пердеңе ар болып ,
Имандылық тоқтау айтты заң болып .

Жер мен көктей , адал – харам арасы ,
Арқан жіптің болады ғой аласы .
Көзің жетпей қайрымдылық сұрама ?
Құр бекерге жазылмайды жарасы ,
Зор еңбектің болмай тұр ғой мазасы .

Лайықталған несібесін әр кімдер ,
Теріп жейді бұйыртқанын әр күндер .
Терді төксең өзі келер шапағат
Заттар толды нарықталған нәрсіздер ,
Қалай ғана күн көреді әлсіздер !

Негіздерден құралғанда барлық кез.
Егіздерден тарап жатыр халық көз .
Өміріңе риза болып қарайды
Сезімдерден туындаса анық сөз
Бар шындықты жазып өтсін жарлық сөз !

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі