Қазақша өлең: Серікбай Маханов (САҒЫНДЫРЫП СОНАУ БАҚ)

Қазақша өлең: Серікбай Маханов (САҒЫНДЫРЫП СОНАУ БАҚ) казакша Қазақша өлең: Серікбай Маханов (САҒЫНДЫРЫП СОНАУ БАҚ) на казахском языке

Ызғырықпен ашық аспан манаурап ,
Құлазиды кімді іздеп сонау бақ ?
Ақ көрпеге ораныпты қара жер
Кеудедегі көңіл күйге жалау боп .

Аппақ айдын аймағында сыр бар ма ,
Қаңтар айы ақ боранға құмар ма ?
Жағадағы қалың қамыс сылдырын
Естігенде көңіл шіркін тынар ма ?

Көктегі Күн ақ өзекке құлады ,
Адал жанның ауласы ғой тұрағы .
Қатып жатыр жылтыр мұздар біртіндеп
Өлең өмір ақындардың құраны .

Суық түссе не етейін жалғанға ,
Көп қараймын қар жамылған талдарға .
Сәні болған жапырақтар жап – жасыл
Қоқыстанып өртке түсіп қалған ба ?

Сусылдаған сүңгі мұздар топталып ,
Жарқырайды Күн көзінен жас алып .
Ықтасынға қонып жатыр торғайлар
Табиғаттың құдіретіне таң қалып .

Тізбектеліп жапырақтар күл болып ,
Тал басынан еңірей ме , тіл қатып ?
Сағынышқа жүрек мұңын сыздатып
Бара жатыр ұясына Күн батып .

Қоштасудың сәні болмас бірақ та ,
Көп бояулар шашылады жырақ та .
Кезегімен мезгіл келсе айналып
Күз әуені сақталады қырат та !

Асыл ойлар ояндың ба , манаурап ?
Өлең жырға өрілесің қозғау сап .
Үміт үзбей жалғасқанда қайтадан
Сағындырып шақырасың сонау бақ !




KZ » Қазақша Өлеңдер жинағы, серікбай маханов САҒЫНДЫРЫП СОНАУ БАҚ өлең стихи на казахском серикбай маханов казакша олен, серікбай маханов өлеңдері, стихи на казахском серикбай маханов, серикбай маханов олендери, САҒЫНДЫРЫП СОНАУ БАҚ, серікбай маханов САҒЫНДЫРЫП СОНАУ БАҚ өлең стихи на казахском серикбай маханов казакша олен, серікбай маханов өлеңдері, стихи на казахском серикбай маханов, серикбай маханов олендери, САҒЫНДЫРЫП СОНАУ БАҚ, Қазақша өлең: Серікбай Маханов (САҒЫНДЫРЫП СОНАУ БАҚ), Қазақша өлең: Серікбай Маханов (САҒЫНДЫРЫП СОНАУ БАҚ) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке